Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
organizatsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

28. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу

Банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Дәрменсіздік – борышкердің-жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғалардың ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарын еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі.

Банкрот деп тану негізінде 2түрде болуы мүмкін:ерікті және мәжбүрлі. Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырады. Мәжбүр ету тәртібімен банкроттық деп тану несие берушінің, ол заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа беруі негізінде жүзеге асырылады.

Банкроттық туралы іске қатысушы адамдар мыналар болып келеді:

• Борышкер

• кредиторлар

• кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі

• прокурор

• борышкер мүлкінің иесі немесе ол уәкілдік берген Организация

• уәкілетті Орган

Санация- оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады.

Оңалту рәсімін жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиіс. Оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға құқылы, бірақ ол 6 айдан аспауға тиіс.

Конкурстық іс жүргізу –кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім. Конкурс жүргізуге қатысушылар: сот, кредиторлар комитеті, банкрот, конкурстық басқарушы уәкілетті орган және басқа да мүдделі адамдар конкурс жүргізуге қатысушылар болып табылады.

30. Банкроттық туралы істерді сот тәртібін қарау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]