
- •Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні
- •Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “Кәсіпкер” және “Кәсіпкерлік” түсінігі
- •Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі
- •Кәсіпкерліктің түрі және формалары
- •Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар
- •Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы
- •Өңдірістік кәсіпкерлік
- •Коммерциялық кәсіпкерлік
- •Кеңес беру (консалтингтік) кәсіпкерлік
- •Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру - экономикалық формалары
- •Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру – құқықтық негіздері
- •14. Жеке кәсіпкерлік түсінігі және түрлері
- •Бизнес субъектілері
- •16. Жеке кәсіпкерлік түрлері
- •17. Қазақстанда технопаркттерді құру үдерісіндегі: Ұлттық және аймақтық технопарктер түсінігі.
- •18. Инновация туралы түсінік және қазіргі кездегі инновацияның жіктелу түрлері
- •19. Инновациялық кәсіпкерлік түсінігі және инновациялық кәсіпкерліктің жүзеге асырылу деңгейлерінің түрлері
- •20. Бизнесті жүргізудің негізгі ұйымдық құқықтық формалары
- •21. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырушылық құқықтық түрлері
- •22. Акционерлік қоғам мәні және құру ерекшелігі
- •24. Франчайзинг мәні түрлері қолдану сферасы
- •25. Сақтандыру түсінігі мен түрлері
- •26. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері
- •27. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу
- •30. Банкроттық туралы істерді сот тәртібін қарау
Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі
Кәсіпкерлік үш түрлі деңгейде жүзеге асырылады: мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми зертте институттарының, технопарктік құрылымдарадың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі шағын инновацияялық бизнес. Кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері.
Субъектілері:
мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Инновацияны жасаушы және іске асырушы жеке және заңды тұлғалар; Негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндірістің және қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандырылған субъектілері технополистер, технологиялық, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік парктер технопарктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, иновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымдардың өзге де ұйымдары; Инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; Инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын қоғамдық бірлестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.
Объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар. Сонымен бірге Инновациялық жобалар мен бағдарламалар; Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері; Технологиялар, жабдықтар мен үрдістер;
Өндіріс пен кәсіпкерлік инфрақұрылымы; Өндірістік, басқарушылық коммерциялық немесе өзге үдерістің сапасы мен тиімділігін едәуір жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық – техникалық, қаржы – экономикалық шешімдер объектілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің түрі және формалары
Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар
Жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту бұл мемлекеттік қолдауды талап етеді. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту: мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру; орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру; бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн ұйымдастыру; жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тиімді бизнесті жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық және т.б. жағдайлар қажет, яғни бизнеске қолайлы орта керек.Экономикалық жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: тауарға сұраныс пен ұсыныстың бар болуы; кәсіпкер үшін оның шамасы жетерлік ақша – қаражаттың бар болуы; жұмысшы күші т.б.Әлеуметтік жағдайға сатып алушылардың тауарды иемденуге ықыласы мен мүмкіндігі жатады. Бұл жерде тұрғындардың табысын, сатып алушылардың талғамдары мен өмір сүру салтын, демографиялық жағдайды ескеру қажет.Мамандардың біліктілігін, оларды оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктерін, сондай-ақ фирма қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын қамтамассыз етумен олардың жақсы жұмыс істеу ықыласын ынталандыруды жатқызуға болады.Құқықтық жағдайларға мыналар жатады: мемлекеттік қолдау түрлері(мемлекеттік тапсырмалар, жеңілдіктер және басқалар), салық жүйесі, кеден жүйесі және несие жүйесі, адал кәсіпкерлікті ынталандыратын заңдар, т.б.