Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
organizatsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
97.47 Кб
Скачать

1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні

2. Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “Кәсіпкер” және “Кәсіпкерлік” түсінігі

3. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі

4. Кәсіпкерліктің түрі және формалары

5. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар

6. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы

7. ҚР-да кәсіпкерлік қызметтің дамудағы мәселелер

8. Өңдірістік кәсіпкерлік

9. Коммерциялық кәсіпкерлік

10. Қаржылық кәсіпкерлік

11. Кеңес беру (консалтингтік) кәсіпкерлік

12. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру - экономикалық формалары

13. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру – құқықтық негіздері

14. Жеке кәсіпкерлік түсінігі және түрлері

15. Бизнес субъектілері

16. Жеке кәсіпкерлік түрлері

17. Қазақстанда технопаркттерді құру үдерісіндегі: Ұлттық және аймақтық технопарктер түсінігі.

18. Инновация туралы түсінік және қазіргі кездегі инновацияның жіктелу түрлері

19. Инновациялық кәсіпкерлік түсінігі және инновациялық кәсіпкерліктің жүзеге асырылу деңгейлерінің түрлері

20. Бизнесті жүргізудің негізгі ұйымдық құқықтық формалары

21. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырушылық құқықтық түрлері

22. Акционерлік қоғам мәні және құру ерекшелігі

23. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері

24. Франчайзинг мәні түрлері қолдану сферасы

25. Сақтандыру түсінігі мен түрлері

26. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

27. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері

28. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу

29. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері

30. Банкроттық туралы істерді сот тәртібін қарау

  1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні

«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ришар Кантиллом енгізген.(XVIII ғасырдан бастап).

Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн-Хальдун да(1336-1406 ж) кәсіпкерлікті (касб) осы тұрғыдан түсініп, оны адамдардың өз мүмкіндігі адал еңбегі арқылы молшылыққа кеңелу іс-әрекеті деп бағалаған.

Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды.

  1. Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “Кәсіпкер” және “Кәсіпкерлік” түсінігі

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

«Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы

Ғалымнын фамилиясы,

аты, жарияланған жылы

Теорияда зерттелген негізгі

Ережелер

Ричард Кантиллион

(Richard Cantillion)

(1725)

Николас Бауде

(Nikolas Baudeau)

(1767)

Жан Батист Сэй

(Jean Baptist Say)

(1810)

Карл Менджер

(Carl Mender)

(1871)

Альфред Маршал

(Alfred Marshal)

(1890)

Джозеф Шумппетер

(1910)

Франк Найт

(Frank Knight)

(1921)

Давид Макклеланд

(David Mc. Clelland)

(1967)

Питер Друкер

(Peter F.Druker)

(1964)

Харви Либенстейн

(Harvey Leibenstein)

Касіпкер - өзіне - өзі жұмыс орнын

жасайтын адам

Касіпкер түрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жүмыс істейді

Касіпкер нарық талаптарына сай іс - әрекет жасауы керек

Касіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері

Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында айырмашылықтар бар

Касіпкерлік еңбек те – еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторі

Касіпкерлер – белгілі бір моралдық және кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет

Касіпкер турлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр

Касіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар тандау және өндіріс жоспарының орындауын басқару

Касіпкер мен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтарт бар, демек оларға әртүрлі талап қойылады

Касіпкердің міндеті – капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар кұру және оның орындалуын үйымдастыру

Касіпкерліктің мәні ондіріс күштерін жаңадан үйымдастырудан тұрады

Кәсіпкерлік қызметтің багыттары:

А) жаңа өнімдер немесе қызмет корсетулер; Б) жаңа өндіріс әдістері; В) жаңа откңзунарықтары; Г) жаңа жабдықтау көздері; Ғ) жаңа үйым түрлері

Кәсіпкер - әлеуметтік – экономикалық жаңартпашы. Касіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды – кәсіпкерлік табыс

Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек

Кәсіпкедің негізгі міндеттері – үйымдастыру және бақылау

Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылыктарды жеңе білуі қажет

Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігерлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек

Бірінші рет пайда табуға мүмкіндік категориясын сигізеді

Кәсіпкердің міндеті – ресурстарды тиімділігі томен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру

Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: түракты нарық жағдайында сондай – ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]