Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OIS_shpor_5gr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

15. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үдерісі.

Жүйе ақпарат көзінен, байланыс линиясы және ақпаратты алушыдан тұрады.

Жүйеге ақпарат хабарлама түрінде келіп түседі. Хабарлама дегеніміз таңбалар (белгілер) немесе алғашқы сигналдар жиынтығы.

Дискретті хабарлама хабарлама көзінің жеке элементтерді (таңбалар) тізбекті түрде беруінің нәтижесінде қалыптасады.

Әр түрлі таңбалар жиыны хабарлама көзінің алфавиті, ал таңбалар саны алфавит көлемі деп аталады.

Үзіліссіз хабарлама элементтерге бөлінбейді. Олар үзіліссіз мәндер жиынын (бейне, баяндама) қабылдайтын уақыт функциясымен сипатталынады.

Жіберілетін хабарлама адресіне сәйкес алдын-ала сигналға түрлендірілуі тиіс. Сигнал деп хабарламаны бейнелейтін өзгермелі физикалық шаманы түсінуге болады.

Сигнал – хабарламаны материалды тасушы, яғни байланыс линиясы бойынша ақпаратты беруді қамтамасыз ететін өзгермелі физикалық шама. Хабарлағыштан қабылдағышқа сигналдардың берілуін қамтамасыз ететін физикалық орта байланыс линиясы деп аталады.

Байланыс линиясы арқылы өтетін хабарламаларды сигналдарға түрлендіру хабарлағыштың көмегімен жүзеге асады.

Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру

16. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны.

Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.

Ақпараттық сигналдар шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.

Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті жиынтығына ие бола алады.

Аналогты сигналдар бұрмалануға икемді, есесіне деректерді кодерлеу мен декодерлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.

ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.

17. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.

ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.

Цифрлі деректерді аналогты формаға түрлендірудің үш тәсілі немесе модуляцияның үш әдісі мүмкін:

Амплитудты модуляция – жүйелі берілетін ақпарат биттеріне сәйкес негізгі синусоидалды тербелістің амплитудасы ғана өзгереді: мысалы, бірлік бергенде тербеліс амплитудасы үлкен болады, ал ноль бергенде – кіші немесе негізгі сигнал типті болмайды;

  • Жиілікті модуляция, мұндай модульденетін сигналдар әрекетімен тек негізгі синусоидалды тербеліс жиілігі ғана өзгереді: мысалы, ноль бергенде – төмен;

  • Фазалық модуляция, мұнда тек негізгі синусоидалды тербелістің фазасы ғана өзгереді: сигнал 1 – ден сигнал 0 өткенде немесе керісінше болғанда фаза 180&deg өзгереді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]