
- •1. Жүйелер теориясы. Жүйенің қасиеттері.
- •2. Жүйе түсінігі. Жүйенің классификациясы. Жүйенің жүйелік белгілері.
- •3. Ақпараттық жүйе және құрылымы. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар.
- •4. Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімі. Әр жабдықтауға сипаттама беру.
- •5. Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымы
- •6. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлері. Мысал келтіру.
- •7. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістері.
- •8. Ақпараттық жүйелердің компоненттері. Ақпараттық жүйелердің функциялары.
- •9. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы мен оның құрылымының негізгі үдерістері.
- •10. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының бірінші сатысы. Техникалық тапсырма және оның құрылымы.
- •12. Ақпараттар теориясы. Энтропия және оның қасиеттері. Хартли және Шеннон формулалары.
- •13. Ақпаратық жүйе және оның белгілері бойынша классификациясы.
- •14. Шартты энтропия және оның қасиеттері. Бірігу энтропиясы.
- •15. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үдерісі.
- •16. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны.
- •17. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.
- •18. Ақпараттық канал. Каналдың өткізу қабілеті. Канал сиымдылығының қажетті және жеткілікті шарты.
- •19. Дискретті каналдар. Котельников теоремасы.
- •20. Дискретті каналдар моделі. Дискретті каналмен ақпарат жіберу жылдамдығы.
- •21. Сигнал. Сигнал түрлері. Сигналдың көлемі.
- •22. Детерминделген сигналдардың математикалық модельдері. Ақпаратты берудің дискретті каналы.
- •1.Үзіліссіз аргументтің үзіліссіз функ 2. Үзіліссіз аргументтің дискретті функ
- •23. Хаффман ағашы. Хаффман коды. Сығу коэффициенті.
- •24. Сызықтық кодтарға математикалық кіріспе. Хэмминг шекаралары. Хэмминг коды.
- •25. Циклдік кодтар. Циклдік кодтарға математикалық кіріспе.
- •26. Кедергіге төзімді кодтар және оларға қойылатын талаптар.
- •27. Шеннон-Фано кодын құру қағидалары. Шеннон-Фано коды.
- •28. Ақпараттың құрылымдық өлшемдері: құрылымдық, геометриялық, аддитивті.
- •29. Кванттау. Уақыт бойынша дискреттеу.
- •30. Цифрлық ақпаратты сығу әдістері.
10. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының бірінші сатысы. Техникалық тапсырма және оның құрылымы.
1-саты. Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.
Техникалық тапсырма (ТТ)
ақпараттық жүйелерді құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу стандарттарына арналған құжат.
ТТ программалық өнімге қойылатын негізгі техникалық талаптардан тұрады
ТТ түп нұсқасын тапсырыс беруші жасайды.
ТТ мүмкіндік береді:
Екі жаққа да:
дайын өнімді көрсетуге
дайын өнімді тексеруге
қателер санын азайтуға (талаптарда өзгерістер болса)
Тапсырыс берушіге:
не қажет екенін түйсінуіне
ТТ айтылған барлық шарттарға өнімнің сәйкес келуін құрастырушыдан талап етуге
Орындаушыға (құрастырушыға):
есептің мәнін түсінуге, программалық өнімнің «программалық сұлбасын» тапсырыс берушіге көрсету
жобаның орындалу мерзімін жоспарлау, жоспар бойынша жұмыс істеу
ТТ берілмеген жұмыстардан бас тартуға
Техникалық тапсырма:
Кіріспе
Жалпы мағлұматтар
ПЖ құру мақсаты мен қызметі
ПЖ қойылатын талаптар
Психологиялық ерекшеліктер
Экономикалық негіздеме
ПЖ құру стадиялары мен сатылары
ПЖ тестілеу
Бақылау мен қабылдап алу реті
11. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымының моделі. Каскадты, итерациялық және спиральды модельдер.
Өмірлік айналымның атақты үлгілердің ішінен келесі модельдерді бөліп көрсетуге болады.
1. Каскадты үлгі алдыңғы этап аяқталғаннан кейін келесі этапқа тізбекті түрде көшу. Каскадты үлгі үшін жеке байланыспаған есепті автоматтандыру функциясы тән. Каскадты үлгіні көлемді, күрделі жобаларға қолдану мүмкін емес.
2. Итерация кезекті этап орындалғаннан кейін алдыңғы этапқа итерациялық қайту. Итерациялық үлгі жеке есептерді шешу кезінде алынған жобалау шешімдерінің тұйықталуын қарастырады.Төменнен жоғарыға жобалау кезінде алдыңғы талаптарды қарау мүмкіндігі азаяды, қиыншылықтар болады.
3. Спиральды. Ақпараттың жүйелердің прототипін сатылап кеңейтуді болжайтын прототипті үлгі. Спиральді үлгіде жоғарыдан төменге жобалау қолданылады. Алдымен функцияларды ішкі жүйелердің құрамы содан кейін жеке есептердің қойылуы анықталады. Яғни ақпараттарды жинау , беру, мәлімет қорын толықтыру сияқты жүйелік мәселелер қарастырылады. Содан кейін ғана нақты есепті шешу техникасы жүргізіледі.
12. Ақпараттар теориясы. Энтропия және оның қасиеттері. Хартли және Шеннон формулалары.
Ақпараттар теориясы– бұл ақпаратты алу, түрлендіру, жинау, өңдеу және беру жайлы ғылым.
Ақпаратттар теориясының бағыттары: құрылымдық, статистикалық және семантикалық.
Құрылымдық теория жеке ақпараттық хабарламаларды құру құрылымын қарастырады.
Статистикалық теория анықталмағандық өлшемі тұрғысынана ақпаратты бағалайды.
Семантикалық теория ақпараттың мағыналық сипаттамаларын оқытады: бағалылығы, пайдалылығы, тиімділігі, ақпаратты өткізу қабілеттілігі, ақпараттық бөгеуілге тосқауыл беруі және құрамы.
Құрылымдық теорияда ақпараттың геометриялық, комбинаторлық және аддитивтік өлшемдері қарастырылады. Ең кең тарағаны- екілік аддитивтік өлшем, ол Хартли өлшемі (1928ж.) деп те аталады. Ақпараттың саны екілік өлшеммен - битпен өлшенеді.
I=log2m,
мұндағы, I – ақпарат саны немесе көлемі
m – элементтер саны
Э
нтропия
(эн-тропе)
грек тілінен аударғанда айналдыру,
түрлендіру деген мағынаны береді.
Энтропия былай есептеледі:
Логарифм 2 негізді болса, онда ақпарат саны битпен, егер 10 негізді болса, онда дитпен, егер е=2,71828 негізді болса, онда нитпен, ал 3 негізді болса, онда титпен өлшенеді.
Бұл формула Шеннон формуласы деп талады.
Энтропияның қасиеттері:
1) Энтропия әрқашан теріс емес нақты шама;
0 <= pi <= 1, i=1,..., N
2) Энтропия нөлге тең болады, егер оқиғалардың ықтималдықтарының бірі 1-ге тең болса;
3) Энтропия максимал мәнге ие болады, егер оқиғалардың ықтималдықтарының өзара тең болса;
4) Энтропия - анықсыздықтың дәрежесі.