Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OIS_shpor_5gr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

8. Ақпараттық жүйелердің компоненттері. Ақпараттық жүйелердің функциялары.

Ақпараттық жүйенің компоненттері дегеніміз ақпараттық жүйе құрайтын мәліметтер қоры, ақпараттық процессорлар және концептуалды схема.

Ақпараттық процессор - алынған командаға жауапты мәліметтер қорымен және концептуалды схемамен бірге іздейтін механизм. Ақпараттық процессор есептеу жүйесінен және мәліметтер қорын басқару жүйесінен тұрады.

Концептуалды схема (концепт - түсінік) мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат бірліктерінің құрылымын сипаттайды.

Кіріс ақпараты дегеніміз құжаттар түрінде берілетін мәліметтер және ақпараттар.

Шығыс ақпараты дегеніміз ақпараттық жүйенің қызметінің орындалу барысында алынатын басқару жүйесіне қажетті ақпараттар.

Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі ақпараттық байланыстардың қозғалысы мен өңдеуден кейін графикалық түрде көрсетіледі.

Жабдықтаушы бөлімінде программалық жабдықтамалар мен есептеу жүйесі сипатталады.

Ақпараттық модельдің бірнеше түрлері бар:

1.Концептуалды модельде блок-схемалар, граф, кесте қолданылады.

2.Логикалық модельде ақпараттық жүйені жобалау және талдау жүргізіледі.

3. Математикалық модель – үлгіленетін процесс параметрлерінің арасында жазылған мәліметтер.

4. Алгоритмдік модель математикалық модельдің құрамына кіреді.

Пәндік сала дегеніміз материалды жүйенің элементтері, яғни олар туралы ақпарат ақпараттық жүйеде сақталынады.

9. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы мен оның құрылымының негізгі үдерістері.

Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы дегеніміз жүйені тұрғызу жөніндегі шешімдерді қабылдау мезетінен жүйе қызметін тоқтатқанға дейінгі стадиялар мен этаптар жиынтығы.

Ақпараттық жүйелерді тұрғызудың өмірлік айналымы мен мағыналық мәні әр түрлі ыңғайда бірдей және келесі стадиялардан тұрады.

1. Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.

2. Жобалау. Бұл стадияға жабдықтаушы ішкі жүйелердің құрамын анықтау (модельдеу), ақпараттық жүйелердің техникалық жобасын рәсімдеу функциялары жатады.

3. Жүзеге асыру. Бұл стадияға программаларды құру, деректер қорын құру, қызметкерлер үшін жұмыс нұсқауын жасау, жұмыстық жобаны рәсімдеу функциялары жатады.

4. Ендіру. Қызметкерлерді оқыту, ақпараттық жүйелерді сатылап ендіру, қабылдау, өткізуді сынау жөніндегі актілерді рәсімдеу функциялары жатады.

5. Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі жайлы статистикалық мәліметтерді және жарнамаларды жинау, қателерді түзету, ақпараттық жүйелерді модернизациялауға талаптарды рәсімдеу функциялары.

Екінші және үшінші этапты көбінесе бір стадияға біріктіреді. Оны техникалық жұмыстық жобалау немесе жүйелік синтез деп атайды.

Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]