
- •1. Жүйелер теориясы. Жүйенің қасиеттері.
- •2. Жүйе түсінігі. Жүйенің классификациясы. Жүйенің жүйелік белгілері.
- •3. Ақпараттық жүйе және құрылымы. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар.
- •4. Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімі. Әр жабдықтауға сипаттама беру.
- •5. Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымы
- •6. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлері. Мысал келтіру.
- •7. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістері.
- •8. Ақпараттық жүйелердің компоненттері. Ақпараттық жүйелердің функциялары.
- •9. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы мен оның құрылымының негізгі үдерістері.
- •10. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының бірінші сатысы. Техникалық тапсырма және оның құрылымы.
- •12. Ақпараттар теориясы. Энтропия және оның қасиеттері. Хартли және Шеннон формулалары.
- •13. Ақпаратық жүйе және оның белгілері бойынша классификациясы.
- •14. Шартты энтропия және оның қасиеттері. Бірігу энтропиясы.
- •15. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үдерісі.
- •16. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны.
- •17. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.
- •18. Ақпараттық канал. Каналдың өткізу қабілеті. Канал сиымдылығының қажетті және жеткілікті шарты.
- •19. Дискретті каналдар. Котельников теоремасы.
- •20. Дискретті каналдар моделі. Дискретті каналмен ақпарат жіберу жылдамдығы.
- •21. Сигнал. Сигнал түрлері. Сигналдың көлемі.
- •22. Детерминделген сигналдардың математикалық модельдері. Ақпаратты берудің дискретті каналы.
- •1.Үзіліссіз аргументтің үзіліссіз функ 2. Үзіліссіз аргументтің дискретті функ
- •23. Хаффман ағашы. Хаффман коды. Сығу коэффициенті.
- •24. Сызықтық кодтарға математикалық кіріспе. Хэмминг шекаралары. Хэмминг коды.
- •25. Циклдік кодтар. Циклдік кодтарға математикалық кіріспе.
- •26. Кедергіге төзімді кодтар және оларға қойылатын талаптар.
- •27. Шеннон-Фано кодын құру қағидалары. Шеннон-Фано коды.
- •28. Ақпараттың құрылымдық өлшемдері: құрылымдық, геометриялық, аддитивті.
- •29. Кванттау. Уақыт бойынша дискреттеу.
- •30. Цифрлық ақпаратты сығу әдістері.
21. Сигнал. Сигнал түрлері. Сигналдың көлемі.
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін хабар заңдылығымен өзгеретін электр тогы немесе электр кернеуі. Телекоммуникация саласында сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.
Бірінші ретті сигнал — берілетін хабарды алып жүретін электр сигналының алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі. Мүмкіндігіне қарай (жақын жерлерге) сигналдың алғашқы (бірінші) түрі өзгертілмей, сол күйінде байланыс жолдарымен таратылады, мысалы, қаланың телефон байланысында.
Арналық сигнал. Электр сигналын қашық жерлерге таратқанда ол байланыс жолы бойында әр түрлі себептермен өшіп, әлсірейтіндіктен және хабар таратуды арзандату, бір байланыс жолымен бірнеше хабар беріп тығыздау үшін бірінші ретті (алғашқы) сигналды түрлендіріп өзгертуге тура келеді. Өзгерту хабар тасымалдайтын байланыс жолдарына карай жасалынады. Осындай байланыс жолдарымен берілетін өзгертіліп, түрлендірілген сигналды арналық сигнал дейді.
Детерминал сигнал (лат. determinarе — анықтау) — уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі болатын сигнал. Детерминал сигнал уақыт бойынша белгілі зандылықпен өзгереді. Олар үздіксіз, дискретті, периодты, периодсыз болып бөлінеді. Детерминал сигналдың қарапайым түрлері: гармоникалық сигнал немесе импульстер тізбегі.
Курделі сигнал — әр түрлі заң бойынша таратылатын сигналдардың жиынтыгынан тұратын сигнал. Кез келген күрделі сигнал гармоникалық сигналдардың (әр түрлі жиіліктердегі) жиынтығынан түрады. Мысалы, төртбүрышты, үшбүрышты, экспоненциалды, т.б. сигналдар.
Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Дискретті сигналдар периодты, периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, қоңырау тәрізді, экспоненсиалды болып бөлінеді.
Тасушы сигнал — байланыс жолдарын тығыздап, бір байланыс жолымен бірнеше хабар сигналдарын беру және сигналдардың таратылу жағдайын жақсарту үшін оларды бір спектр ауқымынан басқа спектр ауқымына ауыстыру үшін пайдаланатын сигнал. Тасушы сигнал параметрлерінің біреуі хабар сигналының заңдылыгына сәйкес өзгереді.
Үзіліссіз сигнал — уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен (немесе кернеумен) берілетін сигнал. Үзіліссіз сигналдар: детерминал немесе кездейсоқ сигналдар және периодты немесе периодсыз сигналдар болып бөлінеді. Қарапайым үзіліссіз сигнал — синусоидалы, гармоникалық сигнал.
Кездейсоқ сигналдар — белгілі бір заңдылықпен өзгермейтін, белгіленген уақытта қандай болатынын алдын ала айтуга болмайтын сигнал. Кездейсоқ сигналдар тұрақты және тұрақсыз, эргодикалық немесе эргодикалық емес және Марковтық немесе Марковтық емес болып бөлінеді.
Тұрақты кездейсоқ сигналдар — ықтималдық тығыздыгы уақыт өлшемінің басталатын жеріне байланысты болмайтын кездейсок сигналдар. Тұрақты кездейсоқ сигналдардың сипаттамалары уақыт бойынша тұрақты болады.
Сигнал көлемі:
Vc=TcFcLc
Сигнал әр түрлі параметрлермен сипатталуы мүмкін. Канал бойынша ақпаратты беруге қатысты негізгі үш параметр: Tс – сигналды беру уақыты, Lc немесе Dc (динамикалық диапазон ) Pс – сигнал қуатымен аықталады, Fc – спектр ені.