
- •Тиімділікті (эффективность) көрсететін инвестициялық жобалардың бағалауларын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?
- •Тәуекелдікті(риск) көрсететін инвестициялық жобалардың бағалауларын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?
- •Абсолютті пайданы(прибыль) көрсететін инвестициялық жобалардың бағалауларын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?
- •Қаржылық ағымның уақыттық ағыммен байланысын көрсететін инвестициялық жобалардың бағалауларын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?
- •Дисконттаумен байланыссыз инвестициялық жобалардың бағалауларын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?
- •Инвестициялық талдау мен жобаларды бағалаудың қандай айырмашылығы мен байланысы бар?
- •Тиімді (эффективной) және кесімді (номинальная) мөлшерлеменің айырмашылығы неде? Мысалдар келтіріңіз.
- •Жай және күрделі пайыздардың айырмашылығы? Мысалдар келтіру.
- •9.Капитализациямен есептеу дегеніміз не? Мысалдар келтіру.
- •10. Қолма – қол ақша ағындар диаграммасы. Есептi жүргiзу. Блоктық әдiс. Тура және керi есеп. Мысалдар келтiру.
- •11. Қолма – қол ақша ағындар диаграммасы. Есептi жүргiзу. Қадамдық әдiс. Тура және керi есеп. Мысалдар келтiру.
- •12.Тауар-ауыстырғыштар (товары-заменители) дегеніміз не? Анықтау әдiсі. Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •13.Тауар-толықтырғыштар (товары-дополнители) дегеніміз не? Анықтау әдiсі. Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •15. Сұраныс икемділігі (эластичность спроса) дегеніміз не? Есептеу әдістері. Мысалдар келтіру.
- •14.Тауардың категориясы қалай анықталады? Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •Пайдалылық теориясы. Графикалық әдiс. Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •Парықсыздықтың қисығы (кривая безразличия) дегеніміз не? Құрастыру әдiсі. Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •Парықсыздықтың картасы (карта безразличия) дегеніміз не? Құрастыру әдiсі. Есептеулерi бар мысалдарды келтiру.
- •Парықсыздықтың картасындағы (карта безразличия) бюджеттік сызық дегеніміз не? Есептеулерi бар мысалдарды келтiру
- •22. Бизнестегі бәсекелестік модельдері. Мысалдар келтіру.
- •Қандай бәсекелестік модельдерінде жарнаманы қолданады? Мысалдар келтіру.
- •Картель дегеніміз не? Функционалдаудың ерекшеліктерін сипаттау. Мысалдар келтіру
- •Банктік қарыз беру кезіндегі «дисконттау» дегеніміз не? Мысалдар келтiру.
- •Банктік қарыз беру кезіндегі «амортизацияланған сома» дегеніміз не? Мысалдар келтiру.
- •Банктік қарыз беру кезіндегі нақты пайыздық мөлшерлемеге (реальная процентная ставка) аннуитет қалай әсер етеді? Мысалдар келтiру.
- •Банктік қарыз беру кезіндегі нақты пайыздық мөлшерлемеге (реальная процентная ставка) кепілдік мүліктің көлемі мен оның операциялары қалай әсер етеді? Мысалдар келтiру.
- •Банктік қарыз беру кезіндегі нақты пайыздық мөлшерлемеге (реальная процентная ставка) операциялық шығындар мен есептік шот жүргізу (ведение счета) қалай әсер етеді? Мысалдар келтiру.
- •Банктік қарыз беру кезіндегі нақты пайыздық мөлшерлемеге (реальная процентная ставка) жеке және мүліктік сақтандыру процедуралары қалай әсер етеді? Мысалдар келтiру.
- •Жеке кәсiпкерлiктiң (индивидуальное предпринимательство) түрiндегi бизнес жүргiзудің оң және теріс жақтары. Мысалдар келтiру және түсiндiру.
- •Серіктестік (партнерство) түрiндегi бизнес жүргiзудің оң және теріс жақтары. Мысалдар келтiру және түсiндiру.
- •Корпорация түрiндегi бизнес жүргiзудің оң және теріс жақтары. Мысалдар келтiру және түсiндiру.
Қандай бәсекелестік модельдерінде жарнаманы қолданады? Мысалдар келтіру.
Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Сатушылардың әрқайсысы сатып алушыны өз товарының сапалы екеніне көздерін жеткізгісі келеді. Бұл кезде жарнаманың, марканың, товарлық белгілірдің алатын рөлі зор.
Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді.
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:
Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.
Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.
Монополиялық бәсекеде жұмыс істейтін өндірушілер рыноктағы тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді.
Монополиялық бәсекелі нарықта бағалық емес бәсекемен қатар бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін.
Мысалы:
"Адидас", "Рибок", "Пума"
"Colgate", "Blend a ment", "Pepsodent"
Картель дегеніміз не? Функционалдаудың ерекшеліктерін сипаттау. Мысалдар келтіру
Картель – (французша cartel, итальянша cartelо – құжат) – бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі). Картель құру туралы келісім шартпен рәсімделеді және ол құпия құрылады. Келісімге қатысушылар өндірістік және коммерциялық дербестікті, сондай-ақ, заңи тұлға мәртебесін сақтайды‚ олардың іс-қимылдар еркіндігі тек келісім ауқымымен ғана шектеледі. Жекеше, мемлекеттік, ұлттық және шетелдік, сондай-ақ, аралас кәсіпорындар мен фирмаларды да біріктіруі мүмкін. Кейде “Картель ” термині өнім шығаруды қысқарту‚ өзара бәсекені реттеу жолымен қатысушының әрқайсысы үшін жоғары пайда алу‚ тұтынушы үшін жоғары баға белгілеу кепілдігімен компаниялар арасында жасасылған заңсыз келісімді айқындау үшін қолданылады. Бұл орайда Картель нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін қиындататындықтан оған монополияға қарсы заңнаманың күші қолданылады. Кейбір елдерде Картельге заңмен тыйым салынған, екінші бір елдерде міндетті тіркеуден өткізіледі. Кей жағдайларда мемлекет Картельді өнеркәсіп саясатының құралы ретінде жария пайдаланады (мысалы, Жапонияда). Бірқатар дамыған елдердің үкіметтері халықаралық Картельдің қызметіне шек қоймай, қайта оны көтермелейді
Бірігудің келісімді характерде болуы;
Картель мүшелерінің жеке меншік құқығының сақталуы;
Бір салада істейтін компаниялардың бірігуі;
Тауарды өндірудегі бірлескен жұмыстар;
жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады
Картельдің мысалы ретінде қазіргі ОПЕК ұйымын алсақ болады. Олар тауардың бағасын өзара келісіп қоятыны қазіргі таңда барлық жерде айтылуда.
Ал қазақстанда цемент өндіруші компаниялардың бірігіп картель құрып отырғаны анықталды.