
- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
Әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар өзінің сипаты,мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады.1)атқарушы биліктің мән-мағынасын тікелей көрсететін қатынастар.Осы сияқты қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал жасауды жүзеге асырады;2)тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын,бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар.Олардың бірінші-әкімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар,бұл,бірақ,олардың маңыздылығын кемітпейді.Сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән,өйткені әкімшілік-құқықтық реттеудің мазмұнын,сондай-ақ мемлекеттік-басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді.Сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі,яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады.Сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптарының заңды түрдегі теңсіздігі өзінің көрінісін бір тараптың өзге тарапқа заңды түрде тәуелділігінен табады.Сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастардағы тараптардың теңсіздігі бір тараптың өзге тарапқа бағындырылуын болжайды.Сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастарда бағыныштылық,тараптардың заңдық мағынадағы теңсіздігі барлық жағдайда сақталған болса да,әр түрлі көрініс табады.Сонымен,сатылас әкімшілік-құқықтық қатынастар үшін олардың шеңберінде тікелей басқарушылық ықпал жасауды жүзеге асыру және бір тараптың,яғни мемлекеттік-басқарушылық ықпал жасауды жүзеге асыру және бір тараптың,яғни мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің заңды түрде көрініс тапқан еркінің басым болатын маңызы тән.Деңгейлес әкімшілік-құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі,яғни оларда бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды.Өзінің сипаты бойынша деңгейлес әкімшілік-құқықтық қатынастар сатылас қатынастардың белгілі бір алғы шарты ретінде қалыптасуы мүмкін.
43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі. ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті; ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады. Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам. Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру. Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ). Оларға мыналар жатады: 1)заңдылық; 2)қазақстандық патриотизм; 3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы; 5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы; 6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі; 8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі; 9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі; 10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу; 11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; 12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы; 13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; 14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы; 15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу. Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады. Мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.