
- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
Әкімшілік құқық қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады. Біріншіден: Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерніе іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатынқоғамдық қатынастар. Бұл жерде ең алдымен экономиканы, әлеуметтік мәдени, әкімшілік саяси жұымыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрнісі. Екіншіден: ақпараттық талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалдық техникалық жабдықтау, қай жерде істелініп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару н/е сот билігі, органдарда болсын, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекетік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Үшіншіден: Әкімшілік құқықтық пәніне, мемлекетік биліктік, құзыретке ие, мемлекетің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындау мен іс әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігінде қамтиды. Жалпы мемлекеттік бақылау прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді. Жалпымемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары тәртіп бұзушылары қызметтен, жұмыстан шығару, ақшалай айыпұл салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Төртіншіден: Әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс әрекеттерін қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғаны мен, белгілі бір әкімшілік істі қарау кезде Әкімшілік кодекстің баптарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді. Бесіншіден: әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институттарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік биліктік құзыретіне беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып,осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға,яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады.Бұл-қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген:нұсқама(міндеттеу),тыйым,ерік беру.Нұсқама(міндеттеу)-бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу.Тыйым-құқық нормасы өзінің жолданатындарына осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді.Ерік беру-бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру.