
- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні – бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Егер бұл бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл заңдық патологияның ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады. Іс-әрекет – бұл міндет немесе заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды,ережені, норманы, стандартты бұзу (мысалы, жүргізушілердің мысаң күйінде көлік құралдарын жүргізуі, тұрғын жайларды пайдаланудың ережелерін бұзу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құжаттардың талаптарын бұзу).Әрекетсіздік – бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлық (мысалы, табыстары туралы декларация беруден жалтару, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау, т.с.с.).
Әкімшілік құқық бұзушіліқтың құрамы д\з әкімшілік заңдармен бекітілген, әрекеттің не әрекеттісіздіктің құқыққа қайшы, кінәлі ж\е әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын, не болмайтындығын анықтауға көмекетесін белгілер.Ә к б құрамына оның объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы.
Объектісіне әкімщілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.
Объективті жағы ә қ б-тың сыртқы көрінісін, іс кимылдың өзін көрсетеді. Көп жағдайда құқық бұзушылықтың объективті жағына тәсілдерінің, сипаттарының белгілерін, құқық бұзушылықтың орны мен уақыты, зиянының салдары, қолданылған құралдардың түрлері жатқызылады.
Ә қ б субъектісіне ә қ б жасаған жеке ж\е заңды тұлғалар жатады.
Ә қ б субьективті жағы д\з өзі жасаған әрекетке не әректсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы. Субъективті жақтарының бегілеріне кінә, мақсат, себеп жатады.
39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚ тәркілеу, кейбір құқықтарынан (басқару‚ аң аулау‚ тағы басқалар) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚ әкімшілік қамауға алу‚ шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады;
Әкімшілік жазалар әкімшілік-мәжбүрлеу шараларының бір түрі б.т.Әкімшілік жазалар әкімшілік мәжбүрлеудің өзге шараларынан ең алдымен өзінің функционалды – мақсатты бағытты болуымен елеулі түрде айырылады. Тек әкімшілік жаза ғана әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың шарасы б.т., тек сонда ғана бұзушының құқыққа ғана бұзушының құқыққа қарсы әрекетінің қорытынды заңдық бағасы болады.Әкімшілік жаза құқық бұзушылықтың құқықтық салдары бола отырып, қылмыстық жазамен салыстырғанда бұзушыға ауырлығы аздау жағымысз садар келтіреді.Әкімшілік жаза қолдану тұлғаны «әкімшілік жазаланған халге» әкеп соқтырады.Әкімшілік құқық бұзушылықтың рецидив жағдайында әкімшілік жазалар қолдану заңдық салдарлардың екі түрінің пайда болуын әкеп соғады:1)рецидив жауаптылықты ауырлататын мән-жй болуы мүмкін;2) рецидив әкімшілік құқық бұзушылықтың айқындауыш белгісі ретінде болуы мүмкін. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы