Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
132.67 Кб
Скачать

32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны

Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір – бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: 1) Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір – бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; 2) Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болды; 3) Азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; 4) Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздеріне заңды фактілері жатады.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]