
- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың жүйесі. Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.Азаматтық құқықтың қайнар көздері Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.6-бапта:1)«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс, 2)Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді. 3)Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
4)Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған. 5)Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық-қатынасты азаматтық-құқық нормаларымен
реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық-құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық-құқықтық қатынас – бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Осы азаматтық-құқықтық қатынасқа түсінік бермес бұрын, алдымен құқықтық қатынастың мағынасын ашайық.
Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі
немесе ӛмір сүру жағдайы болып табылады
1)Егер қоғамдық-қатынастар
бастапқыда ӛзімен-ӛзі ӛмір сүрсе, кейінірек құқықтық-қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақталады, сонда бұндай жағдайда құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде кӛрініп тұр. Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар жиынтығының әсерінен пайда болады және жойылады, бірақ бұнда әрдайым құқықтық қатынасретінде пайда болады, құқықтық қатынас заңды сипатын жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың ӛмір сүру жағдайы ретінле кӛрініп тұр.
Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және
нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынас, ӛзі ӛмір сүруінің әр түрлі сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қатынастың қозғалысын амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар бір мезгілде субъективтік құрамды да және осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де нақтылау тәсілі ретінде кӛрінеді. Сонымен қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретінде онымен
байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың ӛмір сүру және ӛзгеру жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіт амалы ретінде болатынын байқадық
2) Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың ӛзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты ол жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті болады.
1. Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында қатынас ретінде болады. Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрдайым нақты белгілі болады, себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасындағы қатынас заңды сипатта болады. Керісінше басқа қоғамдық қатынастардың қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы
болуы мүмкін және олардың арасындағы қатынастың заңды сипаты жоқ. Мысалы: еңбектік-құқықтық қатынаста жұмыс берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды талап етеді. Керісінше, ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін, оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.
2. Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының ӛзара
жүріс-тұрысын заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да, осы қатынастың субъектілері ӛзара байланысты қатынасқа түседі және бұл қатынас заңды түрде бекітіледі. Керісінше,басқа қоғамдық қатынастың қатысушылары бір-біріне деген міндетті қызметтерін ӛнегелі
түрде орындаулары мүмкін, бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ, сондықтан олар заңды түрде бекітілмейді.
Сондықтан да заңды қатынастардың субъектілерінің міндетті қызметтері нақты анықталған, ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыларының міндетті қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін. Мысалы: балаларының ата-аналарына тӛлейтін алимент заңда кӛрсетілген белгілі бір жағдайларда туындайды және балалары ӛзінің ата-анасына тӛлейтін нақты
ақша сомасымен белгіленген. Керісінше, заңды кӛрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған кезде, балалары ӛз ата-анасына кӛрсеткен материалдық кӛмегі нақты түрде анықталуы мүмкін емес.
3. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және
бекітілген құқық нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Керісінше, жалпы және нақты заң нормаларымен реттелмейтін
қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар болмайды. Ал олардың қатысушыларының міндеттері толық және нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент тӛлеу қатынасында, бір жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал екінші жағдайда бұл реттерден тыс қалып тұр, бірінші жағдайда қатынастардың міндеттері толық және анықталған сипат алып тұр, ал екінші жағдайда қатысушылардың міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.
4. Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында
мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының кӛмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу шарасының кӛмегімен жүзеге асырылуы
мүмкін, бірақ оның пайда болу кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді, себебі ол мемлекеттің қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: жұмысқа тұру және жұмыс орнын таңдау азаматтардың ӛз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады. Бірақ соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу немесе басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің күштеу шарасымен жүзеге асады. Керісінше, жұмысқа тұрып, белгілі бір қызметті атқарып жатқан тұлғаларға
әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы қолданылуы мүмкін
Осы төрт белгіні бірге алып қараған кезде, біз заңды қатынастардың қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқадық. Қорытындылай келе, біз құқықтық қатынастардың ӛзіне тән белгілеріне қарап, оны басқа қоғамдық қатынастардан айыра аламыз, яғни құқықтық қатынас дегеніміз – құқықпен
реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субъектілердің ӛзара жүріс-тұрысы заңмен бекітілген және олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілетін қатынас. Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас болып қалыптасқаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді ӛзіне
алады.