
- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам
- •Сыртқы:
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •9. Құқықтық қатынастардың құрамы
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
- •20. Қазақстан Республикасының Президенті
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25. Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
- •26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері
- •29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
- •31. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- •32. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •35. Азаматтық құқықытық қатынастардың мазмұны, субъектілері және объектілері. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері
- •37. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
- •38. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
- •39. Әкімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары
- •40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері
- •41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
- •42. Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі
29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдықменшікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатынқұқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
1)тараптардың теңдігі;
2)шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
3)еркіндік;
4)тәуелсіздік;
5) меншікке қолсұқпаушылық;
6) біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
7) азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
8) бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
9) азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар:келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.