Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
132.67 Кб
Скачать

26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

-заң шығарушы;

-атқарушы;

-сот билігі болып бөлінеді.

Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің – үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде – өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімісақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.

Солт билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі.

Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

-авторитарлық;

-тоталитарлық;

- демократиялық болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

-пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,

-пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,

-жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы

27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы

Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кəсiпорындар жəне мемлекеттiк мекемелердiң əкiмшiлiктерi жатады. Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен

жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi. (1995 ж. 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” мемлекет басшысының к.з.к.Жарлығы). Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер жəне мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi. Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, бақылау жəне қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:

А. Экономика салалары бойынша;

Б. Əлеуметтік мəдениет салалары бойынша;

В. Əкімшілік саяси қызмет салалары бойынша.

Сонымен ҚР əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:

А. Қазақстан Республикасының министрліктері;

Б. ҚР агенттіктері;

В. ҚР орталық атқарушы органдарының ведомстволары.

Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады. Министрлiк Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн жəне заңдарға сəйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Үкiметтiң құрылымынан Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, бiрақ оның иелiгiнде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi жəне өзге де республикалық

мемлекеттiк басқару органдарын) жəне Республиканың ведомстволарын (министрлiктегi, мемлекеттiк комитеттегi комитеттер, департаменттер, агенттiктер) бөлiп айтқан жөн. Үкiметтiң билiк жүйесiндегi жоғары орган ретiндегi рөлi оны елдiң бүкiл аумағында iске асырылатын барлық орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдарда қолданылатын өкiлеттiгiнен көрiнедi. Сонымен қатар оның билiгiне жатқызылған мəселелердi дербес шешедi (Конституцияның 66 - бабы). Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады жəне олар жергiлiктi жерлерде

жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi.

28. Атқарушы биліктің орталық органдары Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кəсiпорындар жəне мемлекеттiк мекемелердiң əкiмшiлiктерi жатады. Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен

жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi. (1995 ж. 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” мемлекет басшысының к.з.к.Жарлығы). Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер жəне мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi. Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, бақылау жəне қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:

А. Экономика салалары бойынша;

Б. Əлеуметтік мəдениет салалары бойынша;

В. Əкімшілік саяси қызмет салалары бойынша.

Сонымен ҚР əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:

А. Қазақстан Республикасының министрліктері;

Б. ҚР агенттіктері;

В. ҚР орталық атқарушы органдарының ведомстволары.

Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады.

Министрлiк Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi

салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге

басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн жəне заңдарға сəйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Үкiметтiң құрылымынан Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, бiрақ оның иелiгiнде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi жəне өзге де республикалық

мемлекеттiк басқару органдарын) жəне Республиканың ведомстволарын (министрлiктегi, мемлекеттiк комитеттегi комитеттер, департаменттер, агенттiктер) бөлiп айтқан жөн. Үкiметтiң билiк жүйесiндегi жоғары орган ретiндегi рөлi оны елдiң бүкiл аумағында iске асырылатын барлық орталық

жəне жергiлiктi атқарушы органдарда қолданылатын өкiлеттiгiнен көрiнедi. Сонымен қатар оның билiгiне жатқызылған мəселелердi дербес шешедi (Конституцияның 66 - бабы).

Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады жəне олар жергiлiктi жерлерде жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiрежүргiзудi көздейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]