Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osn_prava.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
132.67 Кб
Скачать

19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Конституциялық Кеңес:

-Республика Президентінің сайлауы;

-Парламент депуттарының сайлауы;

-Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

-Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

-Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

-Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады

20. Қазақстан Республикасының Президенті

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бiртұтас, Президенттiк басқару жүйесiне негiзделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады. Қазақстандағы президенттiк басқару нысанының ерекшелiгi сол билiк бөлiсу жүйесiнде Президент “билiк буындарының үстiнен қарау” құқығына ие әрi олардың келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Ол Конституциялық тәртiпке сәйкес Үкiметтiң өкiлеттiгiн ғана тоқтатып қоймай, Парламенттi де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күшi бар жарлықтар мен заңдар шығарады. Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Президенттi конституциялнқ заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президентi Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады. Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентiнiң заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап, бiр ай iшiнде қарауға міндетті екендiгін бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар жарлық қабылдай алады. Президент өз тарапынан Парламенттi таратып, Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуға, Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға және Үкiметтiң актiлерiн өзгертуге не тоқтатуға құзыры бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]