
- •Тәжірибе сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар және жоспары.
- •2 Тақырып: Статистикалық бақылау.
- •3. Тақырып: Статистикалық мәліметтерді жинау және топтау.
- •4.Тақырып. Жалпылама көрсеткіштері: абсолютті және қатысты шамалар - 2 сағат.
- •5. Тақырып. Орташа шамалар. Жоспар:
- •22 Есеп. Келесі ақпараттарды қолданып, Алматы қаласының бір ауданындағы коттедж төлемінің 1 м2 үшін орташа бағасын есептеңіз. Есептеулерді қарапайым тәсіл, моменттік тәсілді қолданып жүргізіңіз.
- •28 Есеп. Келесі мәліметтер негізінде қазан және қараша айларындағы екі түрлі банкілік салымның орташа мөлшерін есептеңіз:
- •Тақырып 6. Статистикалық динамика қатарлары (уақыттық қатарлары). Жоспар
- •Проблемалық сұрақтар:
- •7 Тақырып Вариациялық көрсеткiштер.
- •8. Тақырып. “Ықтималдық (Ішінара бақылау)” - 2 сағат.
- •Проблемалық сұрақтар:
- •Ішінара бақылау ұғымы, мәні, оны экономикада қолданудың пайдасы қандай?
- •9. Тақырып “Корреляциялық – регрессиялық талдау” . Проблемалық сұрақтар:
- •10. Тақырып “Әлеуметтік құбылыстарды статистикалық зерттеу әдістері”. Жоспар
- •1. Әлеуметтік құбылыстардың ерекшіліктер
- •2. Әлеуметтік құбылыстардың байланыстарын зерттеу әдісі. Проблемалық сұрақтар:
8. Тақырып. “Ықтималдық (Ішінара бақылау)” - 2 сағат.
Жоспар:
1. Ықтималдық және ішінара бақылау туралы түсінік, оның маңызы
2. Ішінара бақылау туралы түсінік, оның маңызы.
3. Ішінара және генералды жиынтықтардың негізгі сипаттамалары.
4. Ішінара бақылаудың әдістері мен тәсілдері және қателерін есептеу формулалары .
Проблемалық сұрақтар:
Ішінара бақылау ұғымы, мәні, оны экономикада қолданудың пайдасы қандай?
2) Ішінара бақылауға бірліктерді алу әдістері және тәсілдері қандай?
3) Іріктеудің қателерді есептеу формулалары қандай?
4) Генералды жиынтыққа ішінара бақылаудың нәтижелері қалай бағаланады ?
Оқу әдебиеті: 1) 8 тарау; 2) 8 тақырып
50-есеп:
Корпорация
мекемесінің өз кредиторларымен
есептесуінің жылдамдығын табу мақсатымен
коммерциялық банкте кездейсоқ 100 есептесу
құжаттары таңдалып алынды. Осы құжаттар
негізінде қаражатты жіберу және алудың
орташа мерзімі 22 күнге
тең болды, стандартты ауытқу 6 күнге
тең болды.
Р=0,954-ке тең ықтималдылықпен таңдап алынған орташаның қателігін (абсолютті және қатысты) және есептесудің орташа ұзақтығының сенімді шектерін есептеу керек. Осы шартта бірліктерді таңдаудың әдісі қандай?
Жауап: 1,2; 5,45; 20,8-ден 23,2- күнге дейін.
51 Есеп. Іріктеп алып жан басына шаққандағы табысқа зерттелген мың отбасының уш жузі тұрмысы нашар болып есептелді. (таңдау 2%, механикалық) 0,997 (t=3) ықтималдықпен мынаны анықтаңыз:
Облыс бойынша тұрмысы нашар отбасыларының үлесін анықтаудағы шекті қателік
Облыс бойынша тұрмысы нашар отбасыларының үлесін анықтаудағы шекті қатысты қателік
Жауап:
0,014; 0,042;
4,7; 14.
52-есеп. Мекеменің кредиторларымен есептесуінің жылдамдығын табу мақсатымен коммерциялық банкте кездейсоқ таңдап алынған аймақтың түрлі меншіктік формалы 100 мекемесіне бақылау ұйымдастырылды. Нәтижесінде келесідей мәліметтер жиналды:
Мекемелердің есептесу мерзімімен бөлінуі:
Мееншік формасы бойынша кәсіпорындар |
Мекеме саны |
Есептесудің орташа мерзімі, күн |
Әр топтағы есептесу мерзімінің дисперсиясы |
Мемлекеттік |
30 |
18 |
15 |
Ақционерлік қоғамдар |
50 |
20 |
25 |
Шетелдіктің қатысуымен аралас |
20 |
28 |
40 |
Жинағы (жалпы қосындысы) |
100 |
? |
? |
Қандай әдіспен және тәсілмен бірліктер іріктелді?
0,954 (t=2) ықтималдықпен табыңыз: 1) есептеудін орташа мерзімі үшін шектік қателегін және шектерін; 2) акционерлі қоғам ұлесі бойына шектік қателегін.
53-есеп. Бір аймақтың 1200 салымшыларының орташа жас мөлшерін анықтау үшін кездейсоқ қайталанбайтын таңдау арқылы бақылау жүргізу керек. Орташа квадраттық ауытқу 10 жылға тең екендігі алдынала анықталды.
0,954 ықтималдылықпен таңдау ауытқушылығы 3 жылдан аспау үшін қанша салымшыларға бақылау жүргізу керек.
Жауап: 43.
54 Есеп. Механикалық таңдау әдісімен қаланың 100 туристтік агенттігінде зерттеу жүргізу болжанып отыр. Сатылған жолдамалардың орташа айлық саны зерттелінбекші. Егер алғаш зертетулер мәліметтері бойынша дисперсия 225ке тең болса, 0,683 ықтималдығымен қателік 3 жолдамадан аспайтындай етіп, таңдау саны қанша болады?
Жауап:20
55 Есеп. Экспорттық ұн партиясынан кеден постында кездейсоқ қайталанбалы таңдаумен 20 бірлік тексеруге алынды. Бір бірлікте 100 гр.
Тексеріс нәтижесінде орташа квадраттық ауытқу 1%-ға тең болғанда, ұның таңдамадағы орташа ылғалдылығы 6% екені анықталды.
0,683 ықтималдығымен бүкіл экспортталған өнімдегі ұнның шекті орташа ылғалдлығын анықтаңыз.
Жауап: 5.8% - 6.2%
56 Есеп. Бір миллион данадан тұратын кіші калиберлі оқтардың 1000 данасы кездейсоқ таңдау әдісімен олардың ұшу алыстығын анықтау үшін алынды.
Ұшу алыстығы, м |
25 |
30 |
35 |
40 |
45 |
50 |
барлығы |
Оқ саны, дана |
120 |
180 |
280 |
170 |
140 |
110 |
1000 |
0,954 ықтималдығымен мыналарды анықтаңыз:
Таңдама арқылы орташа ұшу қашықығын, таңдама қателігін, орташа ұшу қашықығының мүмкін шектерін.
Жауап: 37; 0,5.
57 Есеп. Кондитерлік өнімдердің сапасын анықтауға арналған таңдамалы зерттеуді дайындау процессінде мөлшер вариациясын анықтау үшін сегіз жәшікке сынақ тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы кестеде көрсетілген:
№ жәшік |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жәшік ішіндегі қораптың орташа массасы. |
540 |
520 |
550 |
500 |
510 |
530 |
560 |
520 |
Егер жалпы жиынтыққа мөлшері бірдей 1000 серия қосылса, 0,997 ықтималдығымен таңдама қателігі 20г аспайтындай етіп Қайталанбайтын таңдау ретінде сапаны анықтау үшін кондитерлік өнімнің қанша жәшігін таңдау керек.
Жауап: 8