
- •Тәжірибе сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар және жоспары.
- •2 Тақырып: Статистикалық бақылау.
- •3. Тақырып: Статистикалық мәліметтерді жинау және топтау.
- •4.Тақырып. Жалпылама көрсеткіштері: абсолютті және қатысты шамалар - 2 сағат.
- •5. Тақырып. Орташа шамалар. Жоспар:
- •22 Есеп. Келесі ақпараттарды қолданып, Алматы қаласының бір ауданындағы коттедж төлемінің 1 м2 үшін орташа бағасын есептеңіз. Есептеулерді қарапайым тәсіл, моменттік тәсілді қолданып жүргізіңіз.
- •28 Есеп. Келесі мәліметтер негізінде қазан және қараша айларындағы екі түрлі банкілік салымның орташа мөлшерін есептеңіз:
- •Тақырып 6. Статистикалық динамика қатарлары (уақыттық қатарлары). Жоспар
- •Проблемалық сұрақтар:
- •7 Тақырып Вариациялық көрсеткiштер.
- •8. Тақырып. “Ықтималдық (Ішінара бақылау)” - 2 сағат.
- •Проблемалық сұрақтар:
- •Ішінара бақылау ұғымы, мәні, оны экономикада қолданудың пайдасы қандай?
- •9. Тақырып “Корреляциялық – регрессиялық талдау” . Проблемалық сұрақтар:
- •10. Тақырып “Әлеуметтік құбылыстарды статистикалық зерттеу әдістері”. Жоспар
- •1. Әлеуметтік құбылыстардың ерекшіліктер
- •2. Әлеуметтік құбылыстардың байланыстарын зерттеу әдісі. Проблемалық сұрақтар:
5. Тақырып. Орташа шамалар. Жоспар:
1. Орташа шаманың мәні, оны қолданудың маңызды шарттары мен түрлері.
2. Дәрежелік орташа шамалардың түрлері.
3. Арифметикалық орташа шаманың математикалық қасиеттері.
4. Құрылымдық орташа шамалардың түрлері.
Проблемалық сұрақтар:
Орташа шамалар ұғымы және оны қолданудың шарттары қандай?
Орташа шамалардың турлері, формулалары қандай ?
Арифметикалық орташа шаманың математикалық қасиеттері қандай және қай жағдайда оларды қолданамыз?
Оқу әдебиеті: 1) 6.1-6.3 тарау ; 2) 6.4 – 6.5 тақырып; 1) 6.6 тарау; 2) 6.4 – 6.5 тақырып
Есептер
21 Есеп. Айдың басында алынған несиеге байланысты банкке нақты қарыз 1500 мың теңгені құрады. Банк оның ішінде 400 мың теңгені 20,0%-бен, 600 мың теңгені – 20,5%-бен, 500 мың теңгені – 19,0%-бен берді . Сыйақы мөлшерлемесінің орташа мәнін анықтаңыз.
Жауап: 19,85%
22 Есеп. Келесі ақпараттарды қолданып, Алматы қаласының бір ауданындағы коттедж төлемінің 1 м2 үшін орташа бағасын есептеңіз. Есептеулерді қарапайым тәсіл, моменттік тәсілді қолданып жүргізіңіз.
Баға 1 м2, долл. |
Ауданы, мың шаршы м. |
900-1000 |
29,4 |
1000-1100 |
20,5 |
1100-1200 |
15,4 |
1200-1300 |
18,7 |
Есеп 23. Жоғары оқу орнының студенттері ішінде оқу озаттарының үлесін анықтаңыз
№ Факультет |
Факультет студенттері ішіндегі оқу озаттарының үлесі |
ЖОО-ның жалпы студенттер санындағы факультет студенттерінің үлесі |
1 |
0,12 |
0,2 |
2 |
0,06 |
0,43 |
3 |
0,17 |
0,08 |
4 |
0,09 |
0,29 |
24 Есеп. Корпорацияның бір бөлімінің өндірістік қызметі туралы ақпаратты қолданып, шығарылған өнімнің 1 теңгесіне кететін орташа шығынды есептеңіз.
Кәсіпорын |
Өндірістегі жалпы шығындар мың теңге |
Шығарылған өнімнің бір теңгесіне кететін шығын |
1 |
2323 |
1, 75 |
2 |
8215 |
1,05 |
3 |
4422 |
1,34 |
4 |
3527 |
0,89 |
25 Есеп. Қаладағы үш ауданның ақпараты бойынша(жыл соңындағы ақпарат) түгел қаладағы банк салымының орташа мөлшерін анықтаңыз
Аудан |
Банк бөлімдерінің саны |
Бөлімдердегі салымдардың орташа саны |
Салымның орташа мөлшері |
1 |
4 |
1376 |
З3500 |
2 |
9 |
1559 |
45600 |
3 |
5 |
1315 |
42200 |
26 Есеп. Кәсіпорын өнімінің сапасы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Жалпы кәсіпорын бойынша бұзылған тауар пайызын есептеңіз:
өнім түрі |
Бұзылған тауар пайызы |
Бұзылған тауар құны, мың.тг |
Тоңазытқыш |
1,3 |
2135 |
Кір жуғыш автомат машина |
0,9 |
3560 |
27 Есеп. Сауда фирмасының тапсырыс бөлімінде 8 сағаттық жұмыс күнімен үш жұмысшы қызмет атқарады.Бірінші жұмысшы бір тапсырысты орындауға орташа есеппен 14 мин, екіншісі 15 мин, ал үшіншісі 19 мин. жұмсайды.Бөлім бойынша 1 тапсырыс орындауға жұмсалатын орташа уақытты есептеңіз.