
- •Тәжірибе сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар және жоспары.
- •2 Тақырып: Статистикалық бақылау.
- •3. Тақырып: Статистикалық мәліметтерді жинау және топтау.
- •4.Тақырып. Жалпылама көрсеткіштері: абсолютті және қатысты шамалар - 2 сағат.
- •5. Тақырып. Орташа шамалар. Жоспар:
- •22 Есеп. Келесі ақпараттарды қолданып, Алматы қаласының бір ауданындағы коттедж төлемінің 1 м2 үшін орташа бағасын есептеңіз. Есептеулерді қарапайым тәсіл, моменттік тәсілді қолданып жүргізіңіз.
- •28 Есеп. Келесі мәліметтер негізінде қазан және қараша айларындағы екі түрлі банкілік салымның орташа мөлшерін есептеңіз:
- •Тақырып 6. Статистикалық динамика қатарлары (уақыттық қатарлары). Жоспар
- •Проблемалық сұрақтар:
- •7 Тақырып Вариациялық көрсеткiштер.
- •8. Тақырып. “Ықтималдық (Ішінара бақылау)” - 2 сағат.
- •Проблемалық сұрақтар:
- •Ішінара бақылау ұғымы, мәні, оны экономикада қолданудың пайдасы қандай?
- •9. Тақырып “Корреляциялық – регрессиялық талдау” . Проблемалық сұрақтар:
- •10. Тақырып “Әлеуметтік құбылыстарды статистикалық зерттеу әдістері”. Жоспар
- •1. Әлеуметтік құбылыстардың ерекшіліктер
- •2. Әлеуметтік құбылыстардың байланыстарын зерттеу әдісі. Проблемалық сұрақтар:
3. Тақырып: Статистикалық мәліметтерді жинау және топтау.
Жоспар:
1. Статистикалық мәліметтерді жинау туралы ұғым.
2. Статистикалық кестелер, графиктер.
3. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
4. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
5. Статистикалық үлестірім (бөлінуі) қатары.
Проблемалық сұрақтар:
1)Статистикалық жинау – бұл не ?
Статистикалық жинаудың сатылары қандай?
Статистикалық жинаудың негізінде не болады?
Статистикалық топтаудың және оның міндеттері қандай?
Статистикалық топтаудың турлері қандай?
Оқу әдебиеті: 1) тарау 3; 2) 3 тақырып; 1) тарау 4-5; 2) 4.4 тақырып
Есептер
Есеп 7. 12 орта сақтандыру компанияларда ішінара бақылаумен табыс мөлшері туралы мәліметтер алынған, млн.тг:
130; 66; 50; 83; 66; 145; 83; 66 ; 50; 130; 130; 66
1)Бөліну қатарын сипаттайтын кесте макетін тұрғызыңыз.
2) Кестенің түрін анықтаңыз.
3)Бастауыш пен баяндауышты көрсетіңіз.
4) Графикалық түрде көрсетіңіз: жиіліктерді - полигон түрінде, жиілігін - дөңгелек секторлы диаграмма түрінде.
4.Тақырып. Жалпылама көрсеткіштері: абсолютті және қатысты шамалар - 2 сағат.
Жоспар:
1. Абсолюттік шамалар туралы түсінік, олардың түрлері
2. Қатысты шамалар туралы түсінік, олардың түрлері.
Проблемалық сұрақтар:
Абсолюттік шамалар бұл не ?
Абсолюттік шамалардың түрлері және олардың мәні қандай?
Қатысты шамалар ұғымы және олардың өлшем тәсілдері қандай?
Қатысты шамалардың түрлері қандай?
Есептер
Есеп 8. Отынның өндірілуін шартты-натуральды көлемі бойынша (7000 ккал ) келесі мәліметтерді қолданып анықтаңыз:
Отынның түрі |
Өлшем бірлігі |
Табиғи көлемі |
Айырбастау коэффициенті |
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
Көмір |
Млн. т. |
685 |
0,8 |
Мұнай |
Млн. т. |
459 |
1,3 |
Газ |
Млрд.куб. м. |
261 |
1,2 |
Есеп 9. Динамиканың қатыстық шамасын көрсетіңіз:
А) Акционерлік қоғамда 100 жұмысшыға 12 IT персонал келеді.
В) Салықтық комитетте жұмысшылардың саны өткен жылмен салыстарғанда ағымдағы жылы 5% төмендеді.
Есеп 10. АҚ-ның сату көлемі сәйкес бағалармен алғанда 2008 ж. алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 %-ға өсіп, 146 млрд. теңгені құрды. 2007 жылғы сату көлемін анықтаңыз.
Жауабы: 139.
Есеп 11. Сауда фирмасы айналымды 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға өсіруді жоспарлады. Белгіленген жоспардың орындалуы 102,7%. Айналым динамикасының қатысты көрсеткішін анықтаңыз.
Жауап: 117,6%
Есеп 12. Автокөлік зауыты 2008 жылдың мамырында 5576 көлік артық сатып, көліктер сатудың жоспарлық тапсырысын 10,6%-ға асырды.Ай бойына сатылған көліктердің жалпы санын анықтаңыз.
Жауап: 52604
Есеп 13. Есеп берілген жылдың бірінші жартыжылыдығында Samsung компаниясының сату көлемі 250 млн.долл.-ды құрады. Негізінде компания жыл бойына 600 млн. доллардың тауарын сатамыз деп жоспарлаған еді. Екінші жартыжылдықтың қатысты көрсеткішін есептеңіз.
Жауап: 140%
Есеп 14. Кәсіпорын өнім өндіруді 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсіруді жоспарлады.Іс жүзінде өнім көлемі алдыңғы жылғы деңгейдің 112,3%-ын құрады. Жоспар орындалуының қатысты деңгейін анықтаңыз.
Жауап: 95,2%
Есеп 15. Алматы қаласының есеп жылындағы сыртқы сауда айналымы туралы ақпарат берілген(млн. АҚШ долл.): экспорт- 666,2; импорт-2746,4. Құрылым және координацияның қатысты көрсеткіштерін есептеңіз. Қорытынды жасаңыз.
Жауап: 19,5; 80,5; 4,12.
Есеп 16. Берілген мәліметтер бойынша екі жыл бойынша (мұғаліммен келісіп) есептеңіз:
1) Қазақстандағы жұмыс істейтіндердін қаржы мекемелердін жалпы саның;
2) қатысты шамалардың түрлері;
3) бұл көрсеткіштер қандай әлеуметтік-экономикалық процесстерді сипатайды?
Кесте
Қазақстан Республикасындағы халық саны және қаржы ұйымдарының динамикасы, жыл аяғына
Көрсеткіш |
2001ж. |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж |
2005ж |
2006ж |
1.Халық саны, мын.адам. |
14816,9 |
14866,8 |
14951,2
|
15074,8 |
15219,3 |
15396,9 |
2.Екінші деңгейдегі банктер |
44 |
38 |
36 |
36 |
35 |
34 |
3. Кредиттік серіктестіктер |
19 |
29 |
52 |
83 |
136 |
- |
4. Ломбардтар |
45 |
52 |
66 |
75 |
84 |
- |
5.Басқа қаржы ұйымдар |
41 |
42 |
48 |
46 |
52 |
17 |
6.Банктердің филиалдарының саны |
400 |
368 |
355 |
385 |
418 |
324 |
Экономикалық қорытынды жасаңыз.
17 Есеп. Берілген мәліметтер бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-на қайталама ұйымдастырылған рынокта жасалған мәмілелер көлемін (туралы) есептеңіз: 1. Құрылымдық өзгеру және құрылымы қатысты шамалар.
2. Координациялық қатысты шамалар.
3.Динамикалық қатысты шамалар.
4. Қандай графиктермен осы көрсеткіштерді көрсетуге болады?
Кесте
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-на жасалған мәмілелер көлемінің динамикасы, млрд. тг
Мәмілелер көлемі |
2002ж. |
2006ж. |
Корпорациялық бағалы қағаздар |
113,5 |
4496,5 |
соның ішінде |
|
|
Акциялар |
59,2 |
2707,5 |
Облигациялар |
32,1 |
1781,6 |
Еврооблигациялар |
22,2 |
7,4 |
18 Есеп. Кәсіпорынның табыс туралы мәліметтері, мың. тг.:
Көрсеткіш |
Нақты былтыр жыл |
Есепті жыл |
|
жоспар |
нақты |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Табыс |
320 |
350 |
316 |
Қатысты шамаларды есептеңіз : 1) Есепті жылда орындалу пайызын.
Есепті жылға жоспарлы тапсырманы беру. 3) Динамикалық.
19 Есеп. Тауардын бағасы: екінші кварталда бірінші кварталмен саыстырғанда 80% өсті және үшінші кварталда екінші кварталмен салыстырғанда 50% өсті. Әр мерзімде тенгенің қабілеттілігінің өсу (азаю) аңықтаныз?
Ответы: 55,6%; 66,7%.
20 Есеп. Бизнес-жоспар бойынша несилік мәмілелер санын 15% артыру есепті жылда жоспармен салыстырғанда келісілген болатын. Есепті жылда нақты жоспар 5% орындалмаған, ал былтырғы жылы жоспардың орындалу деңгейі 108% болды. есилік мәліметтердің динамикасы қалай өзгерген?
Жауап: 109,25%