
- •Тәжірибе сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар және жоспары.
- •2 Тақырып: Статистикалық бақылау.
- •3. Тақырып: Статистикалық мәліметтерді жинау және топтау.
- •4.Тақырып. Жалпылама көрсеткіштері: абсолютті және қатысты шамалар - 2 сағат.
- •5. Тақырып. Орташа шамалар. Жоспар:
- •22 Есеп. Келесі ақпараттарды қолданып, Алматы қаласының бір ауданындағы коттедж төлемінің 1 м2 үшін орташа бағасын есептеңіз. Есептеулерді қарапайым тәсіл, моменттік тәсілді қолданып жүргізіңіз.
- •28 Есеп. Келесі мәліметтер негізінде қазан және қараша айларындағы екі түрлі банкілік салымның орташа мөлшерін есептеңіз:
- •Тақырып 6. Статистикалық динамика қатарлары (уақыттық қатарлары). Жоспар
- •Проблемалық сұрақтар:
- •7 Тақырып Вариациялық көрсеткiштер.
- •8. Тақырып. “Ықтималдық (Ішінара бақылау)” - 2 сағат.
- •Проблемалық сұрақтар:
- •Ішінара бақылау ұғымы, мәні, оны экономикада қолданудың пайдасы қандай?
- •9. Тақырып “Корреляциялық – регрессиялық талдау” . Проблемалық сұрақтар:
- •10. Тақырып “Әлеуметтік құбылыстарды статистикалық зерттеу әдістері”. Жоспар
- •1. Әлеуметтік құбылыстардың ерекшіліктер
- •2. Әлеуметтік құбылыстардың байланыстарын зерттеу әдісі. Проблемалық сұрақтар:
Тәжірибе сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар және жоспары.
Сабақтың мақсаты: Статистиканың негізгі түсініктері туралы білімді, оның негізгі категорияларын, статистикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістері туралы білімді нақты түсініп білу. Студент сабаққа дайындалып келуі керек, сабақ үстінде өткен тақырыпты талдауға қатысып, сұрақтар қойып, өзінің практикалық ситуациалық есептерді шеше алатындығын көрсету керек, статистикалық көрсеткіштердің әдістемелік есептеуі мен талдауын көрсете білу керек. Өзімен сабаққа калькулятор алып келгені дұрыс. Сабақ барысында өткен тақырып пен үй жұмысы бойынша 10-15 минуттық қысқа ауызша сұрақтар қойылады немесе тест алынады. Студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Егер сабаққа белгілі бір себептермен қатыспай қалса, ол міндетті түрде қатыспай қалған тәжірибе сабақты өз бетінше дайындалып, тапсыруы керек. Сабаққа кешігуге, сабақ барысында басқа тақырыптарға әңгімелесуге болмайды. Ұялы телефонды сөндіріп қою керек. Тәжірибе сабақты өткізу жоспары мен есептер жүйесі беріледі. Көптеген есептерді шығаруға Excel бағдарламасы қажет. Кейбір тапсырмаларға түсініктеме мен формулалар бекітілген. Кейбір тапсырмаларды топ болып(2-3 адам) шешкен жөн. Жауаптар мен есеп нұсқаларының болуы топтардың сайыскерлік беленділіктерін жоғарылатады.
Негізгі оқу әдебиеті - лекциялар және презентациялар сайта бар :
Әдебиеттер тізімі
Негізгі оқу әдебиеті:
1. Теория статистики. / Под ред. Р.А.Шмойловой. – М.: Финансы и статистика, 2002.
2.Шокаманов Ю.К., Бельгибаева К.К. Статистика. – Алматы: ТОО «Радгел», Экономика, 2008.
3. Эндрю Ф.Сигел. Практическая бизнес – статистика. 4-е издание. – М., 2002
Қосымша оқу әдебиеті:
4.Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики. – М.: Финансы и статистика, 2002
5. Общая теория статистики. Под ред. О.Э.Башиной, Спирина А.А. – М.: Финансы и статистика, 2001.
6 . http://www.stat.kz – Официальный сайт Агентства Республики Казахстан по статистике.
Тәжірибе сабақтарды жүргізу жоспары.
Тақырып 1. «Статистиканың теориялық негіздері».
Жоспар
1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, ролі, мәні, қажеті.
3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
4 . Статистиканың ұйымдастырылуы.
5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
Проблемалық сұрақтар:
Статистика ғылымының дамуының негізгі сатылары қандай?
Статистиканың бөлімдері қандай?
Статистиканың мәні неде?
Статистиканың пәні, әдісі, міндеттері қандай?
Статистика ғылым пәнінің ерекшіліктері неде?
Тәжірібелік статистика қалай ұйымдастырылған?
Статистиканың негізгі ұғымдар, категориялар қандай ?
Оқу әдебиеті: 1) тарау 1; 2) 1-2, 14.2 тақырып
Есептер
1 Есеп. «Бақылау объектісі – бұл статистикалық жиынтық» деген тужырыммен келісесіз бе? Мысалдарды көрсетіңіз.
2 Есеп. Статистикалық жиынттыққа қандай несиелік ұйымдар
алуға болады?
3 Есеп. Егер зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы негізгі қаржы-делдалдылық іс-әрекетін сандық-сапалы сипаттау болса, онда: бақылаудың пәні, бақылаудың объекті, статистикалық жиынтық, бақылаудың субъектісі, бақылаудың бірлігі, жиынтық бірлігі не болады? Мысалдарды көрсетіңіз.