
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •23. Түркеш қағанаты:саясаты тарихы, шаруашылығы,мәдениеті
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •32. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •41. Моғолстан:территориясы,саяси тарихы, қоғамдық құрылысы,шаруашылығы
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды. Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады. 7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды. 10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды.
Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға , от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады.
Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады
37.Монгол мем курылуы мен Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық саясаты.) Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.