Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-43.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.

11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.

Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы

Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулетінің тайпасы деп, хандық биліктің орталығын “орда” деп атаған. Ақсүйек-шонжарларға хан ,ханның туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар, ру-тайпа көсемдері кірді. Қыпшақтардың бөгде аттары: орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар), венгр деректерінде: «Кундар» «командар» деп атаған. Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел-бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталығы Торғай даласында болса керек. Билеуші ақсүйек топтың қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған..Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған. Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлды “яланкуг” деп атаған. Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай ретінде пайдаланылған.

Қыпшақтардың шаруашылығы

Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды.Деректерде қыпшақтар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірген дейді. Қыпшақтар малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олардың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік берген ерекше жылдамдығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан қыпшақтар тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Қыпшақтар аулаған жабайы аңдар мен құстардың аттары: сағыр киік — ақбөкен, құлан, бұғы, сусар, тиін, кузен, түлкі, ақ құйрық және т.б. Қыпшақтар үшін бағалы аң терісі басқа елдермен сауда жасаудың маңызды көзі болды. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шаруашылығына көмекші ғана болған. Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында тұратындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» және араб- қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — қармақ, аг — ау, ужан (улүк) — кішкене қайық, кеме — үлкен кайықжәне т. т.

Орта ғасырлардағы нарративтік деректемелердің бір бөлігінде қыпшақтардың дәңді дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсіргендігі туралы айтылады. Қыпшақтар негізінен тары еккен.

30. Қазақ халқының этникалық өзегінің қалыптасуы. Қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм қатынасы. Евразиядағы қыпшақтар. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған. Қыпшық мем.ң териториясы және этникалық құрылымы

Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяақ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]