
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •23. Түркеш қағанаты:саясаты тарихы, шаруашылығы,мәдениеті
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •32. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •41. Моғолстан:территориясы,саяси тарихы, қоғамдық құрылысы,шаруашылығы
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
942-1210 жж. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан (Білге Құл Қадыр ханның немересі 915-955жж.). Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп шығып билікке келеді. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік- Шығыс және Оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.Мал шаруашылығында жылқыьөсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара өсірді. Сиыр малын негізінен жартылай отырықшы мал өсірушілер ұстаған. Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды.11-12 ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен байланысы ұлғайды. Отырықшылануды негізінен халықтың ьір бөлігінің малынан айырылуы, көшпелі шонжарлардың мал табандарын өз қолдарына шоғырландыруы туғызды.Отырықшыланғандар тары және басқа дәнді дақылдар өсірді.Бұрынғы көшпелі отырықшы бола отырып, мал шаруашылығынан қол үзбеді;Алайда халықтың негізгі бұқарасы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен одан әрі шұғылданғандықтан, тіпті отырықшы- егінщілік аймақта да егіншіліктің деңгейі біршама төмен болды.
27. Қарахан мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктері.
Сатұқ Боғра-хан өлген соң билікті 955 ж баласы Мұса қолға алды, ол 960ж ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жарилап, мемлекет орталығын Қашғар қаласы жасады. Сатұқ Боғра-ханның екінщі баласы Сүлеймен-ілік Баласағұн қаласында билік жүргізді. Мұса қаза болған соң орнына Әли Арсылан(960-990ж) хан болды. Ол Қашғар мен бірге Тараз және Баласағұнның да билеушісі болып саналды. Осы кезден Сатұқ Боғра ханның екі баласы Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның арасында билік ауысып отырды.Қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс-екі иеліктен тұрды.1.Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан. Орталығы Баласағұн қаласына жақын Орда кейін Қашғар қаласы.2.Батыс хандық Маураннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самархан болды. Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналған:Шығыс хандық.Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептеледі. Бірақ бірлік онша сақталмады.12 ғасырдың 30-шы жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кірді. Олар 1141ж Самарқанға жақын Қатуан даласында селжұқтар мен Қарахан әскерін жеңіп, Бұқара қаласын, Маураннахрды жаулап алады. Қарақытайлар да мемлекеттің басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеген.Өздері тыңдайтын хандар арқылы билігін жүргізіп отырған.Селжұқтардың әлсіруіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастады. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті қарақытайларға соққы береді. Хорезм шахы Мұхаммед 1212ж Қарахан мемлекетін біржолата құлатады.Ал шығыстағы хандықты найман ханы Күшлік басып алады.
28.Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы, саяси тарихы. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.