
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •23. Түркеш қағанаты:саясаты тарихы, шаруашылығы,мәдениеті
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •32. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •41. Моғолстан:территориясы,саяси тарихы, қоғамдық құрылысы,шаруашылығы
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
Қағанаттың өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерінде өмір сүретін «10 тайпа» құрады. Шу өзенін 5 тайпа – Дулу, ал бат-қа қарай 5 тайпа – Нушиби жайлады. Астанасы – Суяб(қазіргі Тоқмақ маңы). Жазғы орталығы – Мыңбұлақ. Қағанаттағы бірінші адам қаған – жоғарғы билеуші, әскербасы, жердің иесі болып есептелді. Қағанаттағы жоғарғы шен – жабғу, шад және елтебер атағы тек қаған руына жататын адамдарға ғана берілді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын еркін малшылар(қара бодан) құрады. Жеғұй қаған(610-618) және оның кіші інісі Тон-жабғұ қаған(618-630) билігі тұсында қағанат құдыреттілігі ең жоғарғы дәрежесіне көтерілді. 16жылға созылған(640-657) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретті. Осыны күткен Таң имп-ң әскері Жетісуды басы алды. Түріктер Таң имп-на карсы үздіксіз күрес жүргізіп, ол ақыры 8ғ-ң басында түркештердің жеңісімен аяқталды. Елтеріс қаған билікті қолына алған соң басқаруды қайта құрып «он тайпа-он-оұ бұдун»жүйесін енгізеді. «Бұдун» сөзі ел,халық деген ұғымды береді. «Он-оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Әсіресе, дулулар мен нушебилер арасындағы 640-654 жылдардағы соғыс барысында қағандық мүлдем әлсіреді.Осыны пайдаланған Қытайлар 659ж Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қаза тауып, қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. «Он-оқ елінің» өз еріктерімен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты. Бірақ нәтижелі жеңіске жете алмады, тек 7 ғасырдың аяғы мен 8 ғасырдың басында Түргеш тайпасының көсемі Үшліктің басшылығымен 704ж Үшлік Қытайлармен күресте жеңіске жетіп юұл Түргеш қағандығының құрылуына жол ашты.
23. Түркеш қағанаты:саясаты тарихы, шаруашылығы,мәдениеті
Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Сүзеген деп ат қойды. 738ж Сұлу Суябқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.