Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

9. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары

Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелінеді. Олар қоғамның дамуы мен бірге сақталынып қана қоймай, сонымен қатар өсе түсуде. Бұл шектеулі табиғи ресурстардың сарқылуына, жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі.Өз ретінде тауарлар мен қызметтердің сапалық сипаттамасы өзгеріп , тұтыну тауарлары мен инвестицияларға деген қажеттілік өседі. Бірақ, ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таідау жасауы қажет. Таңдау жасай отырып, қоғам біреуінен бас тартуы қажет, куткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа бару керек.

10. Өндіріс және ұдайы өндіріс

Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Өйткені бұнда адамдар бір- бірімен бірлесе, яғни бір- бірінсіз жұмыс істей алмайды.

Өндіріс процессінде көбіне 4 стадия болады.

1 Өндіріс

2 Бөліп- тарату

3 Айырбас

4 Тұтыну

Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.

Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.

Оның өзі екіге бөлінеді:

Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.

11. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс Өндіріс - ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Ұдайы өндіріс - бұл үнемі қайталанып, жаңғырып отыратын өндіріс түрі. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы болып бөлінеді.

Жай ұдайы өндіріс - өндірістің тұрақты түрде қайталануы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өндірістің өскелең түрде қайталануы

Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.

12. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.

Экономикалық  жүйе өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады ж/е экономиканы ұйымдастырудың нысаны б.т. Басы міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Эк жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген эк жүйе арқылы өз шешімін табады. Эк жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Эк жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан эк-ның тиімділігін арттыру үшін эк жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Эк жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның эк дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Эк жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) меншік нысаны мен эк әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне б-ты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас эк жүйелер. 2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы эк қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді., либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ., аралас – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады. 3) сыртқы эк байланыстардың сипатына байланысты: жабық, ашық эк жүйелер. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]