Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

76. Н.Смағұловтың қ.Р-ғы кәсіпкерлік саласының дамуына көзқарастары.

Смағұлов– «Астана Моторс» ҚМК құрылған 1992 жылдан басталатын Astana Group тобының негізін қалаушы. Қазіргі кезде Смағұлов Нұрлан ең беделді бизнесмендер қатарында алдыңғы орынды иеленушілердің бірі. Ерекшелігі : Смағұлов басқа кәсіпкерлер сияқты тек бір сала бойынша ғана жұмыс жасамай, жан-жақты саларды игере отырып, онымен шұғылданып, сонымен қатар дамытып, Қазақстанның бизнесіне зор үлес қосты. Мәселен Astana Group үш компанияны біріктіреді: Астана Моторс» ҚМК (автомобильдік ритейл), MEGA Development (MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарының желісі) және «Астық Индустриясы»

Смағұловтың дағдарыстан кейінгі компания жағдайын жақсарту мақсатындағы іс-әрекеті:

“Астана Моторс” компаниясын соңғы екі жылда қолдан басқаруға алды. Бизнесте сервис және қосалқы бөлшектерді басым сатуға кірісті. Басында олардың үлесі 20% болса, енді қазір 60%-ды құрайды. Сонымен қатар компания жарнамаға, бұқаралық іс-шараларға жұмсалатын шығындарды барынша азайтты. Сатып алушыларды тарту үшін өсу кезеңінде тиімді құрал болған билбордтар мен теледидар роликтеріне емес, direct mail - ге ден қойды.

 Ол– коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталды алуға қабілетті, соған сәйкес операциялар өткізуді білетін және өздеріне жауапкершілікті алып, табысқа да, құлдырауға да тәуекел ете алатын іскер адам. Қазақстандық бизнес – бұл шын мәнісінде де реформалар өмірге әкелген экономика секторы. Сол кездері соған дейін сұраныс болмаған адамның ынта-жігері, іскерлік қуаты астарында қандай орасан зор күштің жатқаны туралы байыппен кім ойлады екен. 1990-жылдардың бірінші жартысында “арзандау сатып алу – қымбатырақ сатуды” басты ұран еткен, көшедегі сауда-саттық адамдарының легі қуатты ұмтылыспен жеке кәсіпкерлікке келді. 

77. Генри Фордтың шығындарды үнемдеу және тиімді реттеудің принциптері

Бүгінде әрқайсымыз өзіміздің жеке бюджетімізді пайдалана білудің қарапайым ережесін жақсы білеміз. Бірақ, соны біле тұра сол қағидадан шығып жүрміз бе? Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда кез-келгеніміз бюджетті жоспарлағанда тығырыққа тірелгендей күй кешетініміз бар. Рас, біздің қанымызда есепсіз қаржы жұмсау қалыптасып қалған. Жастарды қаржы табу мәселесі оңай шешілгенімен, оны ұқыпты пайдала білуге келгенде жағдай мүлдем басқаша. «Үнемделген ақша – еңбекпен табылған ақша» деген екен Генри Форд. Ал пайда мен шығын туралы Генри Форд былай деген: “Мен өз жұмысшыларыма өздерi жасайтын автомобильдi сатып алу үшiн олардың жалақысын көтеруге мәжбүрмiн. Ал, мен, сонымен бiрге пайдамды да ойлауға мәжбүрмiн. Ендеше мен өзiме зиян келмейтiндей етiп жұмысшыларымның жалақысын көтергiм келсе, онда мен өндiрiстi жетiлдiре түсуiм қажет” деп. Осы мақсатта ол өндiрiске автомобиль жинайтын конвейрлердi енгiздi. Автомобильдiң сапасын арттырды. Өндiрiлген автомобиль саны артқан сайын пайда да өстi. Ал Форд соның есебiнен жұмысшыларын автомобиль сатып ала алатындай жоғары жалақымен қамтамасыз еттi. Бұл америкалық капитализм дамуындағы алғашқы революция. Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті. Әртараптандырудың өзегі - кәсіпкерлік. Экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші де кәсіпкерлер. Кәсіпкерлік философиясының мәні бүгінгі таңда қоғамға қызмет етумен сипатталады. Қоғам өз талаптарына сай келмейтін бизнесті қабылдамайды. Генри Форд айтқандай, өндірушінің игілігі әрқашан да халыққа тигізер пайдасына байланысты болады. Осыдан келіп бизнестің «әлеуметтік жауапкершілігі» деген ауқымды ұғым шығады. Бұған қарапайым қайырымдылық пен демеушіліктен бастап, экология, жергілікті қауымдастықпен қатынас, дағдарыс кезінде көмек көрсетуге дайын болу, сапасы жоғары тауар өндіру, сондай-ақ қоғам мүшелерінің заман талабына сай өмір сүруіне қатысты басқа мәселелердің бәрі де кіреді деуге болады. Мамандардың айтуынша, қаржы жоспарын жасау - өзімізге аса қажеттіден бас тарту емес, керісінше, бұл керекті және керексіз дүниелерге жұмсалатын қаражатқа бақылау жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]