Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

72. Инфляция. Инфляцияның экономикаға кері әсерлері.

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар. Инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

Ашық инфляция егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

  • Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

  • Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

  • Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

  • Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірістер зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

  2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

  3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

73. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.

Экономикалық  жүйе өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады ж/е экономиканы ұйымдастырудың нысаны б.т. Басы міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Эк жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген эк жүйе арқылы өз шешімін табады. Эк жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Эк жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан эк-ның тиімділігін арттыру үшін эк жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Эк жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның эк дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Эк жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) меншік нысаны мен эк әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне б-ты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас эк жүйелер. 2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы эк қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді., либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ., аралас – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады. 3) сыртқы эк байланыстардың сипатына байланысты: жабық, ашық эконом жүйелер. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]