Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

70.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.

Адам Смит – бұл өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист(1776). Политэкономияның ағылшындық классикалық мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Осы бағыттың негізгі идеясы болып, байлық физиократтар ойлағандай тек қана ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде ғана емес, экономиканың кез келген саласында өндіріс жүргізу арқылы пайда болады. Адам Смит қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген. Адам Смиттің ойынша, үкімет кәсіпкерлік адамдарға көбірек дербестік беруі керек, тек сол кезде ғана мануфактурлық өндіріс көбейеді. Ол адамдардың өзіндік экономикалық ойларының бар болғандығын солардың ақшаны үнемдеп, белгілі бір өндірісті ұйымдастырып, сонымен қатар елдің экономикасын дамытып отырғанынан аңғаруға болады,- деп айтқан Смит. Адам Смит егер де, мемлекет кәсіпкерлерге бостандық беріп, олардың ісіне араласпаса, бұл ең жақсы шешім болар еді,- деп айтқан. Кез-келген заманға сай адам кәсіпкердің түпкі мақсаты – максималдық пайданы ең қысқа уақыттарда алу екенін біледі. Әрине, нарық заңы кәсіпкерлерге өзінің ойын: қашан және қандай өнімдерді шығаруға( қыстық шиналардың жазда қажеті жоқ), оларды қандай бағамен сатуға, сияқты жағдайларда білдіртеді. Кәсіпкерлер бағаны төмендетуге мәжбүр болады, өзге кәсіпорындармен бақталастықта болу үшін. Кәсіпкерлердің ешқайсысы пайданы тек өздеріне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да әкелуі жайлы ойлаған емес, дегенмен олардың арасындағы бақталастық тұтынушыларға өте төмен баға мен сан қилы тауарлармен қамтамасыз етіп отыр. Осымен, бақталастық кәсіпкерлерді өндірісті мүмкіндігінше аз шығынмен, пайдасының мөлшерін азайтпай жүргізіп, осының арқасында бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай ізденістехниканы онан сайын жоғары дәрежеге жеткізуге және мүмкіндігінше арзан шикізат ауыстырғышын іздеуге әкеледі.Буржуазияның бар көңілі тек жұмысшыларды оңай жалдау, жерді сату мен сатып алу, сыртқы нарыққа шығып, өз ақшаларыңды мемелекеттің қалауы бойынша емес, өзіңнің қалауың бойынша жұмсау болып табылған. Бұның барлығы Адам Смиттің идеяларын бұл класстың адамдарына көрікті етіп көрсеткен. Адам Смиттің еңбектері әр түрлі болған, сондықтан болар, экономикадағы қарама-қарсы бағыттардың арғы атасы атанған:

1) Еңбектің политэкономиясы ( қоғамды мүлдем қарам-қарсы қызығушылықтарға байланысты бөлу, пайданың капитализм кезіндегі эксплуататорлық пайда болуы) ( Карл Маркс);

2) Экономик (« көрінбейтін қолдың» принципі, экономикалық либерализм, бақталастық)

71. Шекті шығындар, түрлері, экономикалық мәні

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады. Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады. Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]