- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •4.Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •5.Экономикалық теория мектептері.
- •6. Өндіріс және оның факторлары.
- •7.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану
- •9. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары
- •10. Өндіріс және ұдайы өндіріс
- •12. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •13. Меншіктің обьектілері мен субьектілері,экономикалық категориясы
- •14. Меншік құқығының экономикалық теориясы
- •15. Меншік типтері мен формалары
- •16. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны,кезендер,формалар
- •17. Натуралды және тауарлы шаруашылықты салыстырмалы талдау.
- •Кемшіліктері
- •18.Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •20. Тауар және оның қасиеттері.
- •21. Еңбек нарығы. Қ.Р-ң еңбек нарығының жағдайы.
- •22. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның теориясы.
- •23. Ақша функциялары
- •24. Ақша нарығы және оның элементтері
- •25. Капитал: мәні, әр түрлі көзқарастар
- •26. Ақшаның капиталға айналуы.Капиталдың жалпыға бірдей формуласы
- •27. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •28. Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту
- •29.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы
- •30. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері
- •31. Негізгі және айналмалы капитал
- •32. Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •33. Қазіргі ақша ерекшеліктері
- •35. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •36. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.
- •41. Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері:
- •42.Икемділік түсінігі.Икемділік коэффициенті
- •44. Монополия және бәсеке
- •45. Жетілмеген бәсеке нарығының түрлері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері
- •47. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •50. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі
- •52. Жалақының мәні және оның формалары.
- •54. Макроэкономикалық талдау құралдары
- •55. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •56. Ұлттық есептеу жүйесі
- •58. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •64. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •65. Қр инфляция және жұмыссыздық
- •66. Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
- •68. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •70.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •71. Шекті шығындар, түрлері, экономикалық мәні
- •72. Инфляция. Инфляцияның экономикаға кері әсерлері.
- •73. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •74. Коуздың трансакциялық шығындар теориясы
- •75. Өндіріс шығындарың классификациясы.
- •76. Н.Смағұловтың қ.Р-ғы кәсіпкерлік саласының дамуына көзқарастары.
- •77. Генри Фордтың шығындарды үнемдеу және тиімді реттеудің принциптері
- •79. Уоррен Баффеттің инвестицияларды тиімді салудың қағидалары
- •80. Ммм мысалында қаржы пирамидалардың экономикаға келтіретін кері әсерлерін талдау.
68. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде(1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды
69. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады. Кәсіпкерлік табыстың құрамы:
Қалыпты (жабайы, әдеттегі) пайда — кәсіпкерге осы бағытта қызмет еткені үшін төленетін ақы. Осы пайда фирманың ішкі шығындарына жатады. Егер осы пайда фирманың тұрақтылығын қамти алмаса, онда кәсіпкер өзінің іс-қимылын бизнестің басқа пайдалы бағытына аударады, немесе, басқа фирмада жалақы алуды жөн көріп, кәсіпкерлік қызметтен бас тартады. Бәсекелік жағынан қабілетті кәсіпкердің тұжырымы бойынша, қалыпты пайда капитал қайтарымы мен кәсіпкерлік табыстың нормасына тәуелді болады. Экономикалық мазмұны жағынан, қалыпты пайда тек осы тауарды, немесе, қызметті өндіруді таңдап алудың бағасы болып табылады. Оның мөлшері алынбай қалған пайдадан ( егер кәсіпкер өзінің капиталын, құрал-жабдықтарын, қабілетін басқа өндірісте қолданса, түсуі мүмкін пайданың көлемінен) төмен болмауға тиісті.
Қалыпты пайдадан артық түскен табыс,немесе, экономикалық (таза) пайда.
Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.
Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86,1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді.
Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады. Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады
