Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

65. Қр инфляция және жұмыссыздық

Жұмыссыздық аз еркімен және еріксізден болуы мүмкін, қазіргі экономикада оның негізгі үш түрін қарастырады:

Фрикциондық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, яғни оны натуралды жұмыссыздық деңгейі анықтайды және циклдық жұмыссыздық. Натуралдық жұмыссыздық деңгейі деген ұғым экономикалық қиындықты шешуде, инфляцияда сипаттау жасауда үлкен роль атқарады. Яғни, баға деңгейі мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі инфляцияның өсу қарқына тездетілуінен болуы мүмкін.

Еңбек биржасы бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жолдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге асады. Қазақстан Республикасында еңбек рыногы лі қалыпқа келтірілуде. Еңбек инфрақұрылымының құрылуы аяқталуынан әлі алыс.Қазақстан Республикасына жұмыссыздықты бақылаудың екі орталығы айқындалады:Арнайы, яғни статистикалық орталықтың айқындалуымен және оның бөлігі, мемлекеттік қызмет органдарымен жұмыс басшылық тізіміне өтетіндер.Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтуда еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қалыптастырылған, жастар, мүгедектер, әйелдерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі (квотасы) белгіленген.Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастадыЖұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.

Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.

Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік-саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.

66. Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.

Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:

  1. экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);

  2. мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);

  3. шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).

Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.

Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.

Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:

  1. либерализациялау;

  2. жекешелендіру;

  3. ұлттық және басқа банктердің құрылуы;

  4. төл теңгенің енгізілуі;

  5. кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.

Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.

Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.

67. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]