Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

56. Ұлттық есептеу жүйесі

ҰЕЖ түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Экономиканың жалпы дамуын ҰЕЖ мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептердің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданылып келеді. 20 ғасырдың 70 жылдарының соңында ұлттық есеп жүйесі әлемнің 100 ден астам мемлекеттерінде пайдаланылып келеді. Ұлттық есептердің негізін ішкі қнімнің, ұлттық табыстың ,күрделі қаржының, меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындарының т.б кірістері мен шығыстары құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды және т.б экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланылады.

57. Ұлттық байлық және оның құрылымы.Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.   Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

  ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды. Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады. ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады. Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады. Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

  Таза экономикалық  табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]