Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

50. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына кошкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұлкәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар.

Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемітікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. 

51.Пайда теориясы және оның түрлері. Рыноктық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда рыноктық экономикада қалай және канша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады. Пайда теориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.Меркан-тилистердің ең алғаш пайда туралы білдірген пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша қүнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданы максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:MR=МС Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.Жетілтен бәсеке жағдайында фирма рыноктык бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тең болған жағдайда, пайданы максималдайды.Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы максималдаудың екінші шарты болып табылады, Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан томен болса) фирма тауар өндірмейді.Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жогары, орташа шығыннан АС томен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің түрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, түрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.Ал ұзақ мерзімді кезеңде мүндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сүраныс бағасы жоғарылайды. Бүл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бүл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сүранысты үлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бэсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэне шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,P=MR=MC=AC.Таза монополия жағдайында монополист негүрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғүрлым томен болады. Бүл жағдайда шекті табыс эрқашан орташа табыстан томен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан томен МС < Р болады.Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және үзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.Жоғарыдағы түжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шыгаруга болады: біріншіден, жетілген бәсеке жагдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айныма-лыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жагдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жогары багамен сата алады және өндіріс масштабының үлғаюы есебінен шығындарды азайтып, баганы төмендете алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]