Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

44. Монополия және бәсеке

Бәсеке — нарықтық шаруашылық субъектiлерi арасындағы қосымша табыс алу үшiн жақсы өндiрiс факторларын иелену және тауарларды өткiзу мүдделерiне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке. Кәмiл бәсекеге көпшiлiк фирмалар бiр тектi өнiм өндiрiп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену жене шығу шектелмеген.Әр фирма саланың жалпы өнiм көлемiнiң азғантай бөлiгiн шығарады. Мұндай жағдайда бiрде-бiр фирма өнiм бағасына әсер ететiндей нарытың бөлiгiне ие емес. Жетiлдiрiлмеген бәсеке белгiлi бiр монополиялық билiгiмен ерекшеленедi. Оның пайда болуына салаға ену кезiнде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді.

Бәсекенің түрлері: 1. Салааралық—түрлi салалық кәсiпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшiн күрес. 2.Iшкi салалық — бiр салалық кесiпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшiн күрес.

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар деп ұйғарсак, онда мұндай нарық — монополия, ал фирма — монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндіретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтық сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.

45. Жетілмеген бәсеке нарығының түрлері

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын. Шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған.

Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, Бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, тағы басқа. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квотатуралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]