Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

40.Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.

Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы. Теорияда жеке тепе-теңдік, жалпы тепе-тендік қарастырылады. Нарық орнықты тепе-теңдікте латын баға тепе-тең баға деп аталады. Егер бағаны орнықты жағдайдан қозғауға тырысушы күштер тепе-тең бағадан қайсібір ауытқушылық жасаса, тұрақсыз тепе-теңдік пайда болуы мүмкін. Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.

Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.

41. Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері:

Натуралды шаруашылық  жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. натуралық  өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түріне  сәйкес шаруашылық өмірдің тұйықталуы жатады.Натуралды шар-қ жүргізуде өнім жеке адамның немесе көпшілік біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Бірақ, дара еңбек тұйықталған шар-қ шеңберінде, көбінесе, біріккен еңбектің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек  бөлінісінің алғашқы табиғи мәніне негізделеді. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шар-қ жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына ебебін тигізеді.Натуралдық нысандағы еңбектің әр қилы түрлері және шар-қ жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес.  Біріншісі,қандай болмасын өндірістін табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа ие,өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін анағұрлым  жетілген нысандарға  орын беріп, құлдырауға түсті. Нат-қ шар-қтағы бөлу, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің  сіңірген еңбегіне байланысты емес.Тарихи тұрғыдан шаруашылық жүргізудің келесі дами түскен нысаны ретінде тауарлы  өндіріс пайда болды.Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек  бөлінісінің  дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып,өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келеді.

42.Икемділік түсінігі.Икемділік коэффициенті

Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелдігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды. Сұраныстың проценттік өзгерісінің, бағаның проценттік өзгерісіне еселік қатынасы, бағаға байланысты сұраныстың икемділігі немесе икемділіктің коэффициенті болып табылады.

Ed = %Q /  %P, немесе  %Q / Q /  %P / P,

бұнда Ed – бағаға байланысты сұраныстың икемділік коэффициенті;

Q – тауарға сұраныстың көлемі;

P – тауардың бағасы.

Икемділіктің бірнеше типтері болады .

бірлік икемділік – бағаның әрбір 1 % — ке өзгеруіне сұраныстың көлеміне сәйкес 1 % — ке өзгереді (Ed=1). Ed = %Q / %P = 2% / 2% = 1;

сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі бағаның проценттік өзгерісінен тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ed >1). Ed =  %Q / %P = 4% / 2% = 2 ;

икемді емес сұраныс – сұраныстың көлемінің проценттік өзгерістері бағаның проценттік өзгерістерінен төмен болады (Ed<1). Ed =  %Q /  % P = 2 % / 4 % = 0.5  ;

өте икемді емес сұраныс – бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ed=0). Ed = %Q / % P = 0 / 4% =0 ;

шексіз икемді сұраныс – бұл баға өте аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгеруі (Ed = ¥). Ed = % Q / % P = 4 % / 0 = ¥ .

Келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:

сұраныс көлемінің өсуіне сәйкес баға да пропорционалды түрде төмендеп отырады; сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе жылдам жүреді; сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе баяу жүреді; бағаның өзгерісі сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етпейді: тамақ өнімдері (нан, картоп, жарма); жалақы көбейгенде, әл-ауқат жоғарылағанда, сұраныстың өсуі мүмкін. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:

Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады; егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.

Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады

43. Бәсеке мәні.Бәсекелік күрестің түрлері:Бәсеке-шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес.Сонымен қатар,бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде,сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін,мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.Жетілген бәсеке-өзара ұқсас,көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес.Оның белгілері:рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз,рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ,өндіріс факторларының қозғалысы  жоғары,рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ,ақпарат алу мүмкіншіліктері бірдей.Жетілген бәсеке үш бағытта жүреді:сатушылар арасында,сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.Жоқсыз бәсеке:1.Бәсекелесі туралы жалған,теріс ақпарат тарату;2.Тауарлардың сапасын,өндірілген жері,өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.3.бәсекелес фирмалардың тауар белгісін,фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.5.Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәексіз салыстыруларды жария ету.6.Құпия ғылыми техникалық,өндірістік,ақпараттарды жария ету.Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады.Өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.Бағалық емес күрес әдістері.Бұл әдіс екі топқа бөлінеді:1)өнім бойынша бәсеке2)сату жағдайы бойынша бәсеке.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]