Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

36. Рыноктық жүйе және оның элементтері.

Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық  экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап  етеді. Осылардың жиынтығы нарық  жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

37. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді Артықшылығы

  • өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

  • шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

  • шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

  • әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

  • Кемшіліктері

  • нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

  • қоғамда теңсіздікті туғызады;

  • тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

  • нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау

  • балама таңдау шығындарына

  • экономикалық рационалдыққа

.

38. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.      Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.     Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.     Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған.  Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде  сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.          Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

39. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері. Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:Qs=a+b*РҰсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]