Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

32. Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.

қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0 капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.

Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

33. Қазіргі ақша ерекшеліктері

Қағаз ақша (орыс. декретные деньги - өкіметтің қаулысымен қабылданған – "заңды ақша")- ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын табу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгілі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, салардың орнына пайда болды.

Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша-керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет өтсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталды. Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады.

Қазіргі ақша ерекшеліктері:Сапалық біртектілік,Сандық бөлінуі, қолайлығы, Алтынның аз мөлшеріне көп күш қажет, сақталуы, сапалылығы, қайталанбайтындығы, айналыс құрал қызметі.

34. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынады өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экон-қ қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экон-қ іс-әрекеттердің күрделі механизмі.Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелдуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экон-қ бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:

  • тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі.

ынталандыру қызметі.

  • өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі.

  • реттеу қызметі.

шаруашылық  өмірді демократияландыру, өзін-өзі  басқару принциптерін жүзеге асыру  қызметі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]