Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

28. Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлік – пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеті. Кәсіпкерлік – меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс(инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық. Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады,бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге және нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.Қ-н заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын. Отапндық кәсіпкерліктің дамуын мынадай негізгі бағыттарға бөліп қарастыруға болады: )Кәсіпкеліктің қызмет етуі мен дамуының құқықтық негізінің қалыптасуы. )Кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржымен қамтамасыз ету және қолдау жүйесінің қалыптасуы. )Үкімен орта мерзімді несие берумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру арқылы несиелеуді жетілдіру шараларын қолдануда.

29.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы

Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады .Y-Y’/Y’=B*(u-u’)

мұнда:

Ү - өндірістің нақты көлемі,

Ү" - ЖҮӨ әлеуетті көлемі,

и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі

u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%

Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.

Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне - мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.

Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен - 27%, жергілікті өкімет органдарынан - 31%, кәсіпкерлік фирмалардан - 41% алады.

30. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.

Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады. Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын - амортизация деп атайды.

Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]