Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

21. Еңбек нарығы. Қ.Р-ң еңбек нарығының жағдайы.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. 

Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі - өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді. Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне деген бәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саны глобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.

22. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның теориясы.

Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар .Ақшаның мәні,оның атқаратын қызметтерінен көрінеді.Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері,ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып,оның құн өлшеуі,ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып,оның құн өлшеуі,қазына жинау құралы және дүние жүзілік  ақшалар  қызметтерін атқаратына назар аударады.Классикалық эк-лық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп,айналыс құралы болуын атап көрсетіп,ал басқаларын осы айналыс құралы қызыметінен туынды деп есептеген.К.Маркс ақшақұнының еңбектік сипатына сүйене отырып,ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан,ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік  қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі деп отырып оның мәнін анықтайтын,атқаратын бес қызметіне назар аударады:құн өлшемі,айналым құралы,төлем құралы,жинақ жасау құралы,дүниежүзілік ақша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]