Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Printsip_EKZ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
170.53 Кб
Скачать

19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.

Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдауларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттанған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техникалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттанбаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Негізгі түріне өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады. Ө. шаруашылық салаларына қарай: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мал ш., өсімдік ш. Ө-деріне ажыратылады. 2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея).Өнімнің өзіндік құны - тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтары мен пайдаланылған материалдарға және еңбек ақыға жұмсалған ақша түрінде көрсетілген шығындар. Экономикалық Игілік – экономикалық қызметтің сайып келгенде адамның қажеттерін қанағаттандыруға арналған нәтижесі. Э. и. ұғымының мәні құндылықпен байланысты. Егер жай игілік ұғымы тек пайдалылықты ғана білдірсе, құндылық екі сипаттаманың – пайдалылық пен сирек кездесушіліктің ұштасуын білдіреді. Кез келген игіліктің пайдалылығы тек оны тұтыну немесе пайдалану үдерісінде ғана көрініс табады. Э. и. өзінің тікелей мақсатына қарай қажеттілікті қанағаттандыру үшін, жеке басының тұтынуы үшін емес, сату үшін өндірілетін тауар ретінде; табыс алу көзі ретінде (мыс., капиталдың иесі өндірістің қалған факторларын сатып алып, өнім шығарады, оны өткізу табыс әкеледі) өндірілуі және тұтынылуы мүмкін. Оның екі қыры бар: экон. циклдердің кезеңдеріне сәйкес Э. и-ті өндірудің көлемі, оны айырбастау, бөлу, тұтыну көлемі өсіп немесе төмендеп отырады; материалдық активтер болып табылатын Э. и-тің өміршеңдік циклі деп аталатын өзінің өміршеңдік кезеңі болады. Эк. иг.-тер: 1.тауар, 2.қызмет. 1-2 айырмашылығы: Қызметте: а) өнд. пен тұтынуы 1 уақытта болады, ә) мұраға қалдыруға болмайды, б)сақтауға, жинауға болмайды. Тауар – бұл сатып алу, сату жолы арқылы айырбасқа арналған еңбек өнімі не эк. иг., яғни шексіз көлемде айырбасқа арналған ж/е төлем қабілетіне сұранысы қойылған игілік. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады. Тауардың қасиеттері: 1. Тұтыну құны (пайдалылығы), 2.айырбас құны. Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Айырбас құны – тауардың б.бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастай алуға қабілеті. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қызмет көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде Қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын Қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік Қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы Қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының Қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Тұтынушы үшін қоғамдық тұтыну қорларын бөлу тұрғысынан Қызмет көрсету ақылы (Қызмет көрсетуге тұтынушы ақы төлейтін) және ақысыз (бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін) Қызмет көрсету түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету өндірістік қатынастардың сипатына қарай түрлі әлеум.-экон. нысанда болуы мүмкін. Демек, Қызмет көрсету аясы өзінің тіршілік етуі мен дамуына қажетті қорды өзі ғана ұдайы өндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]