Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
432.13 Кб
Скачать

1.Терроризм түсінігі . Жарылыс затқа ұқсас зат тауып алған кездегі іс әрекеттер .

Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.Терроризмнен  еш мемлекет толық сақтандырылмаған. Лаңкестік XXI ғасырдың басында тіптен ушығып кетті. Ол адамзат  үшін ең қауіпті құбылыстардың біріне айналды. Қазіргі кезеңде әлемнің  көпшілік мемлекеттері терроризммен күреске  үлкен әлемнің көпшілік мемлекеттері терроризммен күреске үлкен қаржы  жұмсауға мәжбүр. Бірақ, террористік  әрекеттер көбейген үстіне көбейе түсуде.Халықаралық терроризм, ең алдымен, кез келген мемлекеттің  саяси демократиялық негіздеріне  орасан қауіп төндіреді. Сондықтан  болар, әрбір мемлекет өз ішінде ғана емес, халықаралық кеңістіктерде  де лаңкестікке карсы күрсс жолдарын бірлесіп қолға алуда, өзара бір-біріне қолдау көрсетуде. Қазіргі небір  озык технологияның жетістіктерін  өздерінің сорақы істерінде төтенше, тапқыр жолдарын тауып, пайдаланып отырған  лаңкестіктің мақсат-мүддесі, саяси-әлеуметтік түп-тамыры, ұлттық, немесе халықаралық  түр-мазмұны мейлінше қатпарлы да, астарлы  және өзінің зымиян жымысқылығымен өте-мөте қатерлі. Тіпті, мемлекеттік ланкестіктің өзі қазіргі халықаралық саясаттын, неғұрлым жетілдірілген құралдарының біріне айналып отырғаны әлемдік  баспасөз беттерінде айтылып та келеді, жазылып та келеді. Мұның көпшілігі, басым денгейі халықаралық саясатта кейбір мемлекеттердің өздеріне тиімді болып келетін екіұдай өлшемдер мен талаптар ұстанымынан туындап  жататынын дүниежүзілік жұртшылық  жақсы біледі.Жарылыстың қауіп-қатерлері туралы келесі белгілер бойынша пікір айтуға болады: белгісіз орамның немесе қандай болмасын бөлшектің машинада, сатыда, пәтерде бар болуы және т.б.;тартылған сым, бау;машинаның астынан салбырап тұрған өткізгіш немесе айырғыш лента;кіреберістегі есік алдынан, пәтер алдынан, машинадан табылған бөгде қолдорба, портфель, қорап, қандайболмасын зат.

2.Биологиялық қару.  бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

3.Азаматтық қорғаныс объектісін құру және тұрақты дайындықта ұстауды жеке жауапкершілігі кімге жүктелген ?

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСy Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды. Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.Жалпы ережелер1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.        Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.        ­скери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.        2. ­скери қызметшілердің мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңдарда белгіленген шектеулермен әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қызмет ерекшеліктерімен негізделген олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін қамтиды.

      3. Заңнамаға сәйкес әскери қызметшілердің құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің мазмұны мен көлемі олардың әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындауда болуына немесе болмауына байланысты болады.        ­скери қызметші, сондай-ақ запаста болатын азамат әскери жиындардан өту уақытында:        лауазымдық міндеттерін атқарған;        жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттерді атқарған;        бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;        табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысқан;        кемелердегі оқу-жаттығуларға немесе жорықтарға қатысқан;        күн тәртібімен (регламентпен) белгіленген немесе басқа да уақыт ішінде, егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, әскери бөлім аумағында болған;        қызметтік іссапарда болған;           ­скерлер қызметі - бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен (бұдан әрі - жалпыәскери жарғылар), әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт және соғыс уақытында қызмет атқаруын ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери тәртіпті, тәртіп пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.        Бұл кешен:        әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, парктерде, оқу орталықтары мен лагерьлерде, кемелерде, мекемелерде күнделікті қызметтік іс-қимылды айқындайтын ішкі тәртіпті ұстауды, әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайларын, тұрмысы мен оқуын, қару мен оқ-дәрілерді сақтау мен берудің дұрыстығын қамтамасыз ететін ішкі қызметті;        әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандары мен оқ-дәрілерін, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын күзету, бөлімшелердегі істердің жай-күйіне және әскери тәртіпті, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін бұзудың алдын алу мен жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді орындау үшін тағайындалған тәуліктік наряд қызметін;        мақсаты гарнизон жеке құрамының жоғары әскери тәртібін ұстауды, әскерлердің күнделікті қызметі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды және гарнизондық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету болатын гарнизондық қызметті қамтиды.

16-bilet

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]