- •1.Табиғи және техногенді түрдегі төтенше жағдай туралы заң
- •3)Радиация деген не ? Қазақстандағы ядролық реакторлар мен қондырғылар саны?
- •1.Азаматтық қорғау және Төтенше жағдайдың негізгі занының актілері
- •10 Билет
- •Қр «тж заңы». . Төтенше жағдайды кім енгізеді ?
- •2.Адамдары қорғануға арналған құрылысы . Қорғану құрылысының классификаци
- •3.Су апаттарының себептері және оның сипаттамасы
- •11 Билет
- •12 Билет
- •1.Терроризм түсінігі . Жарылыс затқа ұқсас зат тауып алған кездегі іс әрекеттер .
- •1.Төтенше жағдай түсінігі . Апат және төтенше жағдай маштабы түсініктері
- •2.Хлор . Хлормен апат кезінде мақта мәрліні қандай ерітіндіге батыру керек
3.Су апаттарының себептері және оның сипаттамасы
Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.
Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.
Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады. Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.
11 Билет
12 Билет
1.Азаматтық қорғаныс деген не? Кімнің жауапкершілігінде төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық объектісі?Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
2.Тыныс мүшелерiн қорғайтын құралдар. Респиратор (лат. респіро — дем алу) — адамның тыныс алу мүшелерін шаң мен зиянды заттардан қорғайтын бір кісілік тұмшалағыш; жеке пайдалануға арналған, екі бөліктен: бетжапқыш және сүзгіден кұралған шаңнан қорғауға арналған аспап. Ауада оттек мөлшері жеткіліксіз болған кезде (16%-дан аз), сондай-ақ зиянды қоспалар көпболғанда оқшаулауыш респиратор (шлангалы не оттекті) пайдаланылады. Сүзгілеуіш респиратор жеңіл әрі шағындау болғанымен, ауаның ластану дәрежесі жоғары болған кезде, ол оқшаулауыш респираторға қарағанда сенімсіздеу болады. Респиратордың радиоактивті тозаңдардан қорғайтын сүзгісі әр түрлі талшықты материалдардан (киіз, мақта, жасанды және синтет. талшықтардан жасалған маталар, т.б.) дайындалады. Өндірістік және лаб. жағдайда респиратордың респираторлық таңғыш (ШБ-1) деп аталатын қарапайым түрі жиі пайдаланылады. Ол дәкенің қос қабатының арасына салынған сүзгілік мата түрінде болады. Мұндай респиратордың қорғағыштық қабілеті жоғары әрі салмағы өте аз (10 г-дай) болып келеді. Радиоактивті тозаңдардан қорғану үшін Р-дің көптеген түрі қолданылады. Ауасүзгіш - адамның тыныс алу мүшелерін зиянды аэрозольдардан, булардан, газдардан қорғайтын жеке корғаныс құралы. Окшауландырылған ауа сүзгішінде тыныс алу үшін пайдаланылатын ауа коршаған ортадан толық ажыратылған. Иприт — түссіз, сұйық улағыш зат. Бу қалпында қолданғанда адамның тыныс мүшелерін, көзін зақымдайды, сұйық түрінде ас қорыту мүшелерін улайды. Иприттің әсері бірден байқалмайды, біршама уақыт өткеннен кейін белгі береді. Иприт жазда бір тәулікке дейін, ал қыста бірнеше аптаға дейін кушін сақтайды. Иприттен қорғану құралдары: ЖТ-1 жеңіл костюмі, ОП-1 қорғаныш плащы, резеңке сіңірілген қорғаныш костюм, газтұмылдырық және теріні қорғайтын баска құралдар мен тұмшаланған қорғаныш құралдары.
3.Сел : ол туралы түсінік және пайда болу себептері.Сел – (гидрологияда «саиль» - «лайлы-тасты ағын») – ағын минералды бөлшектер, тастар мен тау жыныстары қалдықтарының өте көп шоғырланумен (ағын көлемі 50-60% дейін), әдетте нөсерлі жаңбырдың немесе қарқынды қардың еруінен кішкентай таулы өзен бассейндерінде және құрғақ апандарда кенеттен туындайды.Сел – сұйық және қатты салмақтың арасындағы орташа тасқын. Бұл құбылыс қысқа уақытта болады (ол әдетте 1-3 сағат созылады), кіші ағын сулар үшін 25-30 км дейін және суды лақтыру алаңы 50-100 км2 дейін сипатты. Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы. Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді. Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел ағындарының орташа жылдамдық қозғалысы 2-4 м/с-ден 4-6 м/с дейін жетеді.
Пайда болу себептері. Қарқынды және ұзақ уақыт жауған нөсердің салдарынан, мұздақтардың екпінді еруінен немесе маусымдық қар жабындысынан, сондай-ақ арнада аз борпылдақ қалдықтардың құлауы салдарынан (жергілікті жерлердің көлбеулерінде 0,08-0,10 кем емес)..
Пайда болу орны. Әлеуетті сел ошағы - біраз борпылдақ қалдық топырағы бар немесе оның жинақталуы үшін жағдай туғызатын сел арнасы учаскесі немесе сел бассейні, онда белгіленген сулану жағдайларында сел пайда болады. Сел ошағы сел бөлігінен, бытыраңқы сел пайда болу ой-шұңқыр және ошақтары жасалады. Сел ой-шұңқыры желілік морфологиялық пайда болу, жарылатын құз, тартатын немесе орманды еңіс, әдетте ішінара желден қабық қалыңдығы бойынша қалыптасқан деп аталады. Сел ой-шұңқыры аз ұзындықта ерекшеленді (жиі 500 ....600 м асады) және тереңдігі (жиі 10 м астам).
Билет №13
Терроризм деген не ? Тұтқынға алынған адамдардың әрекеттері Терроризмтуралы көп айтылып, көп жазылды. Біз қазір оның бір түрі туралы ғана айтып отырмыз: саяси және қаржылық ұйымдарға, мемлекеттер мен трансұлттық корпорацияларға қызмет етуші терроризм. Толыққанды соғыс әрекеттерінсіз аумақтағы бақылауды қолға алу үшін көмек құралы ретінде.Әдетте, терроризм дегеніміз жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа, қоғамдық пікірге, қаржылық және экономикалық процестерге ықпал ету мақсатымен халықты, билік және басқару органдарын қорқыту. Біз өмір сүріп жатқан уақытта зорлық-зомбылықты белсенді және шебер пайдалану террор дегеннің анықтамасын қарапайым етеді: бұл әлеуметтік құбылыс емес, бұл - әскери іс-қимыл жүргізудің тактикасы.Қазіргі сәтте мұндай тактиканың басты және ақырғы мақсаты - аумақты, халықты, одан ары ресурстарды бақылауға алу. Аталғандарды бақылау мемлекеттер мен трансұлттық корпорацияларды (әдетте екеуі бір мағына береді) ғана қызықтырып отырған жоқ.Себеп белгілі. «Алтын миллиард» ережесіе сәйкес, ресурстар бәріне жете қоймас. Демек, «тұтынушы» бәсекелестердің пайда болуына жол бермеу үшін дамыған индустриалды державалар басқа елдердің дамуын шектеп, тұтынуын бақылауға тиіс.Шектеу мен бақылау әскери емес және әскери әдістерімен жүзеге асырылады. Әскери емес әдістер: шектеусіз несиелер, биліктің жоғарғы эшелондарында жемқорлықты қолдау, нысанаға алынған елдегі басшылықтың миына жеке мүдделерді қоғамдық мүддеден артық қоюды сіңіру. Әскери әдістер – басып алу, мемлекеттік төңкеріс, терроризм мен жаппай тәртіпіздіктерді қолдау (қажет әлеуметтік базаны құрғаннан кейін) арқылы жағдайды тұрақсыздандыру. Қираулардың арасында жатқан, азаматтары бір-бірін діни және саяси себептермен қырып жатқан мемлекет кедей болғандықтан аз тұтынады, бірақ арзан жұмыс күшін бере алады.Әскери емес әдістің классикалық мысалы Оңтүстік Корея бола алады, бұл елді халықаралық қаржы институттарынан несие алуға мәжбүрлеген. Әскери әдіс - Босния, Югославия, Ирак, Ауғанстан. Ұтысқа ірі қаржы тігілетіндіктен, бақылаудың әскери және әскери әдістерімен жақсы тексерілген кәсіпқойлар ғана айналысады.1.2) ЕГЕР ЛАҢКЕСТЕР КЕПІЛГЕ АЛСАа) Ескерту (алдын алу) шаралары: Бұл шаралар ортақ сипатта және қырағылықты арттыруға, өткізудің қатаң тәртібіне, әртүрлі мақсаттағы бақылау және дабыл жүйесін орнатуға бағытталған. Сонымен қатар, ұйым қызметшілері осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйретілуі тиіс. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеде ұйым аумағы мен орналасқан жерінде кепілге алыну мүмкіндігін төмендетеді.б) Кепілге алынған кездегі іс-әрекет: - болған оқиға туралы телефонмен тиісті жерге немесе ұйым басшысына бірден хабарлау; - өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөз жасамау; - қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін, терроирстерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, жеке және қасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу; - лаңкестердің қару қолдануына апарып соқтыратын іс-әрекеттерді жасамау; - оқиға орнына күш көрсету құрылымдарының тиісті органдары қызметкерлерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету; -ДҰҚК және І ІМ арнайы бөлімше жауынгерлері келісімен олардың командирлерінің сұрағына толық және нақты жауап беріп, олардың жұмыстарын қамтамасыз ету. Лаңкестік актілердің болу қауіпі жағдайындағы іс-әрекеттер мен сақтандыру мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерінің білімін кеңейту және дағдылардың сіңірілуін қамтамасыз ету үшін ұйым аумағының орналасу ерекшелігін және қызметінің сипатын ескере отырып, ұйым басшылары ДҰҚК мен ІІМ жергілікті органдарымен бірлесе отырып, нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықтар мен Іс-әрекет жоспарларын әзірлейді. Егер сізді кепілге алсаҚалыпты дауыспен әңгімелесіңіз. Болуы мүмкін қатаң сынаққа тәндік және моралдық тұрғыдан даярланыңыз. Ұрлап әкетушілерге жек көрушілік танытып, қатты сөздер айтпаңыз. Әуел бастан (әсіресе алғашқы сағатта) бандиттердің барлық нұсқауларын орындаңыз. Өз мінезіңізбен лаңкестер назарына түспеңіз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайды қиындатуы мүмкін. Қашып құтылуға толық сенім жоқ болса, қашуға әрекеттенбеңіз. Мүмкіндігінше террористер туралы ақпаратты көбірек есіңізде ұстаңыз (санын, қаруын, сипаттары қандай, дене ерекшеліктері, сөйлеу мәнері, әңгіме тақырыбы, мінез құлқы) өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз. Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Терезеден, есіктен және террористердің өздерінен алысырақ орналасыңыз. Бұл ғимаратқа шабуыл жасалған, мергендер қылмыскерлерді атқан жағдайда өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге қажет. Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде қолыңызды желкеңізге қойып, етпетіңізбен жатыңыз.
2.)Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан,тек осы күшті есептепсалынған баспана немесепанахана (убежище) ғана сақтай алады.Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал. Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады: қауіпті зона;күшті ластанған зонасы;аздау ластанған зонасы.Ластаумөлшерінебайланысты:жарылыстүрінен (бомбаның);оныңкүшінен (неше мегатонна);жарылысболғаннанкейінгіөткенуақыттан;эпицентрденқашықтығынан;жербетініңрельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы. Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді. Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
3)Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмекСуға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;жасанды тыныс алдыру;қан айналымын қолдау.Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады. Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс .Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік бередіЖасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді. Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді.
14-билет.
1.ТЖ түсінігі және оның бөлімдері
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
2. Инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары . Вирустар , бактериялар , риккетсии туралы түсінік .
Jukpaly aurular— зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.Бактериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар квптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседi.Вирус[2] (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеинқышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі
3. Қорғаныс орны . Бір адамға бір және екі тәртіптегі орындарындағы қажетті ауа көлемі Халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан, сондай-ақ ядролық жарылыс кезiнде мүмкiн болатын қайта зақымдайтын факторлардан және зақымдаушы қарулардан қорғау үшiн арнайы салынған инженерлiк ғимараттарды паналау ғимараттары деп аталады. Қорғау қасиеттерiне қарай олар паналау ғимараттарына және радиациядан қорғайтын паналау орындарына бөлiнедi. Бұлардан басқа, тұрғындарды қорғау үшiн қарапайым паналау орындары да пайдаланылуы мүмкiн.Паналау ғимараттарын соғыс уақытының жағдайына, яғни оны тiкелей арналған мақсатына пайдалануға көшiру мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде iске асырылуы керек. Паналау ғимараттарына жасырынушылар үшiн қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар қамтамасыз етiлуi қажет. Бұл жағдайлардың негiзгi қажеттерiне көмiр қышқыл газының мөлшерi, температура, ауаның ылғалдылығы жатады. Бөлменiң ауасындағы көмiр қышқыл газының мөлшерi 3 проценттен, ылғалдылығы 90 проценттен және температурасы +31 градустан аспауға тиiс.Паналау ғимараттарының, әдетте қарама-қарсы жақтарға орналасқан кем дегенде екi кiретiн есiгi болады. Жапсарлас салынған паналау ғимараттарында бұларда басқа авариялық шығу есiгi болуға тиiс. Ғимараттардың сыйымдылығы әр адамға шаққанда iшкi көлемi кемiнде 1,5 текше метрден, ал еденiнен есептегенде 0,5 шаршы метрден келетiндей болуы керек. Жасырынатын адамдар орналасуға тиiстi бөлмелер екi немесе үш қатарлы нарлармен, отыратын орындықтармен және жатуға арналған сөрелермен жабдықталады, ал отыратын орындар 0,45* 0,45 метр, жататын сөрелер 0,55* 1,8 метр көлемде жасалады
Билет 15
