Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по ОБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
432.13 Кб
Скачать

1.Азаматтық қорғау және Төтенше жағдайдың негізгі занының актілері

Қарулы. Мұнда 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;әуе шабуылының зардаптарын жою;бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

2. Тұрғындардың жер сілкінісі алдыңда және кейінгі кездегі әрекеттеріЖер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстeл, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.

3. Индивидуалдық қорғаныс құралдарыЖеке қорғаныс құралдары - уландырғыш заттың немесе зарарлы қоспаның әсерінен арада ауада терінің және демнің органының қорғанысы үшін арнаулы бұйым. осы бұйымдар на демнің, терідағы жабынның және көру органының қорғаудың тәсілінің қорғаныс құралдарына деген бөліседі. Демнің органының қорғанысы құралдарына газқағар, респираторлар, мақталы-марля баулар қарайды. Құралдармен сақтандыратын зарарлы бастаулардан қорғаныстық костюмдер болып табылады[1]. Көрудің органының қорғау құралдарына арнаулы көзәйнектерді апарады. Құралдардың талғамы есебімен оның мақсатының және мінездеме(ықтың дәрежелерінің), ал да ластықтың және ауданның жеңілісінің мінезінің нақты шарттарының өндіріледі.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 9

1.Техногенді апаттармен катастрофа түсінігі . Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады. Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады. Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:экологиялық катастрофа;өндірістік немесе көліктік катастрофа;техногендік катастрофа.Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс. Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.

2.Төтенше жағдайдың бейбіт және әскери уақытындағы халықты қорғау амалдары және негізгі қағидалары . Халықты инженерлік қорғау .Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептепсалынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимaл. Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады: қауіпті зона;күшті ластанған зонасы;аздау ластанған зонасы.Ластаумөлшерінебайланысты:жарылыстүрінен (бомбаның);оныңкүшінен (неше мегатонна);жарылысболғаннанкейінгіөткенуақыттан;эпицентрденқашықтығынан;жербетініңрельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны.. Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.

3.Сел деген не ?Сел – (гидрологияда «саиль» - «лайлы-тасты ағын») – ағын минералды бөлшектер, тастар мен тау жыныстары қалдықтарының өте көп шоғырланумен (ағын көлемі 50-60% дейін), әдетте нөсерлі жаңбырдың немесе қарқынды қардың еруінен кішкентай таулы өзен бассейндерінде және құрғақ апандарда кенеттен туындайды.Сел – сұйық және қатты салмақтың арасындағы орташа тасқын. Бұл құбылыс қысқа уақытта болады (ол әдетте 1-3 сағат созылады), кіші ағын сулар үшін 25-30 км дейін және суды лақтыру алаңы 50-100 км2 дейін сипатты. Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы. Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды. Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді. Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.Сипаттама. Сел ағындарының орташа жылдамдық қозғалысы 2-4 м/с-ден 4-6 м/с дейін жетеді, бұл олардың қатты қиратушы іс-қимылына себепші болады. Ағындар өз жолдарында жай уақытта құрғақ немесе кішкентай болатын жылғаларды терең арнаға айналдырады. Сел материалдары тау етегіндегі жазықтықтарда жинақталады. Сел судан және үйінділерден толқын нысанында, оның қарсы бөлігіне ағуын немесе толқындардың жиірек жүйелі ығысуын сипаттайды. Селдің өтуі арнаның анағұрлым қайта қалыптастырумен ілеседі. Пайда болу себептері. Қарқынды және ұзақ уақыт жауған нөсердің салдарынан, мұздақтардың екпінді еруінен немесе маусымдық қар жабындысынан, сондай-ақ арнада аз борпылдақ қалдықтардың құлауы салдарынан (жергілікті жерлердің көлбеулерінде 0,08-0,10 кем емес). Туындаудың шешуші факторы таулы жерлердегі ормандарды шауып тастауынан болады – ағаштардың тамырлары топырақтың жоғары бөлігін ұстап тұрады, бұл сел ағындарының пайда болуын қақпайлайды. Кейде сел кішкентай таулы өзен бассейндерінде және құрғақ апандарда анағұрлым қар суларының еңісінен (0,10 аз емес) және желден көп өнімдердің жиналу кезінде туындайды.Пайда болу орны. Әлеуетті сел ошағы - біраз борпылдақ қалдық топырағы бар немесе оның жинақталуы үшін жағдай туғызатын сел арнасы учаскесі немесе сел бассейні, онда белгіленген сулану жағдайларында сел пайда болады. Сел ошағы сел бөлігінен, бытыраңқы сел пайда болу ой-шұңқыр және ошақтары жасалады. Сел ой-шұңқыры желілік морфологиялық пайда болу, жарылатын құз, тартатын немесе орманды еңіс, әдетте ішінара желден қабық қалыңдығы бойынша қалыптасқан деп аталады. Сел ой-шұңқыры аз ұзындықта ерекшеленді (жиі 500 ....600 м асады) және тереңдігі (жиі 10 м астам). Ой-шұңқыр түбінің бұрышы әдеттегіден 15º астам. Сел бөлінісі бұрынғы мұздақ қабаттары қабығында болған күшті морфологиялық пайда болу және барлығынан бұрын еңістің қатты сілтеге ұштастырылған. Сел бөлігіндегі бұрынғы-мұздақ пайда болудан басқа аккумулятивті, жанартаулы, көшкінді, жер бедерінің опырылуы қалыптасуы мүмкін. Сел бөлігі өзінің анағұрлым өлшемі бойынша сел ой-шұңқыры басым болады, ал олардың бой профилі сел ой-шұңқырына қарағанда бір қалыпты. Сел бөлігінің барынша тереңдігі 100 м-ге жетуі мүмкін және одан астам; сел бөлігіндегі су лақтыру алаңы 60 км²-ге дейін жетуі мүмкін. Сел бөлігінен шығатын топырақ көлемі, бір сел кезінде 6 млн. м³ жетуі мүмкін. Бытыраңқы сел пайда болу ошағы астында тік (35....55º) жерлердің учаскесі, қою және жыртылған жердің айыр желісі бар күшті қираған тау жыныстары түсініледі, онда тау жыныстарының желдену өнімдері қарқынды жинақталады және содан кейін бірыңғай сел арнасында бірігетін кіші селдер қалыптасуы пайда болады. Олар әдетте белсенді тектоникалық сынауға ұштасады, ал олардың пайда болуы ірі жер сілкінісіне себепші болады. Сел ошақтарының алаңы 0,7 км² жетеді және одан да көп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]