Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ибизи.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
190.19 Кб
Скачать

37. Идентификациялау, аутентификациялау және авторизациялау.

  1. Идентификациялау, аутентификациялау и авторизациялау.

Идентификация – субъектілер мен объектілерге қатынау идентификаторын тағайындау және/немесе көрсетілген идентификаторды тағайындалған идентификаторлар тізімімен салыстыру.Аутентификация – қолданушының, құрылғы немесе жүйедегі басқа компоненттің идентификациясын тексеру, әдетте жүйе ресурстарына қатынауға рұқсат алу жайлы шешім қабылдау үшін, олардың рұқсатынсыз модификациясын табу үшін берілетін және сақталатын мәліметтердің бүтіндігін тексеру.Авторизация – белгілі бір мақсатпен иесімен жіберілген нәрсеге рұқсат алу. Авторизацияны аутентификациямен шатастыруға болмайды, себебі аутентификация тек мәліметтердің шынайылығын тексереді.

38. Субъектіні аутентификациялау. Қорғаудың парольдық үрдісі.

Субъектіні аутентификациялау.

Аутентификация – қолданушының, құрылғы немесе жүйедегі басқа компоненттің идентификациясын тексеру, әдетте жүйе ресурстарына қатынауға рұқсат алу жайлы шешім қабылдау үшін, олардың рұқсатынсыз модификациясын табу үшін берілетін және сақталатын мәліметтердің бүтіндігін тексеру.Субъектіні аутентификациялау – біржақты да және өзара қайтарымды да болады. Субъектіні біржақты аутентификациялаған кезде тек бір ғана субъект аутентификацияланады, ал өзара қайтарымды болғанда екі субъект бір – бірін аутентификациялайды.

Қорғаудың парольдық үрдісі.

Пайдаланушының шынайылығын тексерудің қалыпты әдісі – пароль. Сенімді жолды берудің мақсаты – пайдаланушының қолданған жүйесінің шынайылығына көз жеткізу. Тіркелген ақпараттың талдануы жүйенің қауіпсіздігін қозғайтын жағдайлармен байланысты. Пароль – тұтынушының аутентификациясы кезінде қолданатын құпия символдардың жолы.

39. Эль-Гамальдің электрондық-цифрлік қолтаңбасы. Хэш-функциялар.

Эль-Гамальдің электрондық-цифрлік қолтаңбасы.

1985ж. Эль –Гамаль үрдісінің қауіпсіздігі дискретті логарифмді ақырлы өрісте табудың күрделілігіне негізд¬елген. Бұл жағдайда екі кілттің мәндерін кездейсоқ табу үшін (құпия кілтінің мәнін ашық кілтінің) алдымен қандай да бір үлкен жай санын P және үлкен бүтін G санын G<P болатындай таңдайды.Бұл сандар қолдану¬шылар арасында еркін таратылады. Одан соң X<P болатындай, X бүтін саны кездейсоқ таңдалады. X саны құпия кілт ретінде сақталуы тиіс. Y=G x mod P . Y- саны ашық кілт. M хабарламасын шифрлеу үшін бүтін K санын кездейсоқ таңдайды және 1<K<P-1 шартын қанағаттандырады және ЕҮОБ (K, P -1)=1

a=G k mod P; b=Y kM mod P; (a,b)- шифрленген мәтін.Шифрленген мәтін ұзындығы берілген ашық мәтін М-нің ұзындығынан екі есе артық. (a,b)- шифрленген мәтінін кері шифрлеу.

Ол үшін М=b/ax mod P (*); ax≡G kx mod P. b/ax≡Y kM/ax≡G kxM/G kx≡M (mod P) .

Мысал.

P=11 бүтін G=2 және құпия кілт X=8 берілсін

Y= G x mod P=28 mod 11=256 mod 11=3

Y=3-ашық кілт

M=5 хабарламасы болсын, кездейсоқ K=9 санын ЕҮОБ (9, 10)=1 болатындай етіп таңдаймыз.

a=G k mod P=29 mod 11=512 mod 11=6

b=Y kM mod P=39 *5 mod 11=19683*5 mod 11=9

(a,b)=(6,9)- шифрленген мәтін

Енді кері шифрлеуді орындайық.

X құпия кілтін пайдаланып М хабарламасын тауып көрейік

М=b/ax mod P =9/68 mod11

М=9/68mod11=>68*M≡9 mod11=>1679616*M≡9 mod 11=> М=5

Хэш-функциялар.

Криптографияда Хэш–функциялар деп еркін ұзындықтағы бастапқы жолды бекітілген ұзын- дықтағы биттер жолына айналдыратын Ақпара¬т¬тарды айналдыру алгоритмін айтады. Хэш–функциялардың қолданылуы: 1). Сандық қолтаңба механизміне қолданыла¬тын хабардың қысылған бейнесін құру үшін. 2). Парольдерді қорғау үшін.3).Хабар аутентификациялары кодын құру үшін. Хэш функцияларға қойылатын негізгі талаптар:1). h(m) функциясының белгілі мәні бойынша оның m аргументін табу мүмкін емес (өте күрде лі) болуы керек.Мұндай хэш функция айналдыру мағынасында берік деп аталады. 2). Берілген m аргумент үшін h(m)= h(m') боладтын h(m') табу мүмкін емес. Мұндай хэш-функциялар композицияларды есептеу мағынасында берік деп аталады. 3).Практикалық маңыздылық үшін хэш функцияларды алу алгоритмі жылдам есептелінетін болу керек,одан да жақсысы-нақты аппаратты есептеу ортасында ықшамдалған болу керек. Хэш функцияларды есептеудің типтік сызбасы: Хэш функциялардың ішіндегі ең белгілілері-MD2,MD4,MD5 және SHA. MD2,MD4,MD5 — Ривестпен өңделген MD хэш функцияларын есептеу алгоритмдерінің тобы. 128-битті бейнеге қысылған еркін ұзындықтағы кіріс хабарын түрлендіреді. Бірбағытты Хэш –функциялар Бірбағытты H(m) функцясы м еркінділік ұзындығы хабарламасына қолданылады және h бекі- тілген ұзындық мәнін қайтарады. h=H(M) ,Мұнда h-тің м ұзындығы бар. Көп функциялар бекітілген ұзындықтың мәнін сол ұзындықтың кіріс мәліметтері бойнша есептеуге мұмкіндік береді ,бірақ бір бағытталған хэш- функцияларда оларды бірбағытты қыла- тын қосымша қасиеттер бар: М-ді білсек ,h-ті есептеу оңай. Н-ті білсек м-ді анықтау қиын ,егер H(M)=h болса. М-ді білсек мына хабарламаны анықтау қыйын, М^΄, Н(M)=Н(М') үшін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]