- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •1 Тақырып. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі.
- •Қаржыны инвентаризациялау бағалы қағаздар, ақшалы құжаттар және қатаң есеп беру бланкілері.
- •Есеп айырысу шотындағы ақша-қаражаттар есебі
- •2 Тақырып. Дебиторлық қарыз есебі
- •10.1 Ақшалай емес есеп айырысулардың формалары және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу
- •Сатыпалушылар мен тапсырушылардың қарыздарының есебі
- •3 Тақырып. Қорлар есебі
- •2007 Жылғы қазан айындағы материалдық құндылықтардың қолда бары мен қозғалысы
- •Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
- •Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі
- •4 Тақырып. Негізгі құралдар есебі
- •5 Тақырып Материалды емес активтер есебі
- •Материалды емес активтердің кірістелу есебі
- •Материалды емес активтердің амортизация есебі
- •Материалды емес активтердің шығысталу есебі
- •Материалды емес активтердің талдамалы есебі және түгенделуі
- •6 Тақырып. Міндеттемелер есебі Банктің және банктен тыс ұйымдардың қарыз есебі.
- •Еңбек және еңбекақы есебі
- •Еңбекақы формасы және жүйесі
- •Жеке құрам, жұмыс уақыты және өңдеудің есебі. Оларды құжаттау.
- •7 Тақырып. Табыстар мен шығыстарды тану
- •Кесте 1. «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шотының корреспонденциялары
- •8 Тақырып. Меншікті капитал есебі
- •9 Тақырып. Қаржылық есептілікті ұсыну
Қаржыны инвентаризациялау бағалы қағаздар, ақшалы құжаттар және қатаң есеп беру бланкілері.
Кассадағы ақшаның сақталу жағдайын білу үшін және басқа да бағалы заттардың (бағалы қағаздар, демалыс үйіне берілген жолдамалар) қандай жағдайда екенін білу үшін айна бір рет ойламаған жерден кассаға есеп жүргізу керек. Ұйым басшылығының бұйрығымен есеп жүргізу үшін кассирмен бірге арнайы комиссия құрылады: олар сол ақша сақталған жердің талапқа сай ма, сай емес пе, өртпен сақтандыру құралын, сигнализация жұмысын, кассирдің жұмыс жасауына дұрыс жағдай жасалынған ба, соны тексереді.
Есеп жүргізер алдында комиссия кассирден ең соңғы есептерін алу керек. Онда барлық кіріс-шығыс ордерлері және ақшалы құжаттардың орнына жүретін қолхат, сонымен қатар, шығындарды өшірген құжаттарды алу керек. Бұл қолхаттар кассаның инвентаризация жөніндегі актінің кіріспе бөліміне кіреді. Содан кейін комиссия ақша қандай жағдай болғанына қарамай тексереді, санайды. Бағалы қағаз, есеп айырысу кітапшаларының чектерін, почта маркілерін, жол жүру билеттерін, шипажайға демалыс үйіне берілген жолдамалар тексеріледі. Тексеріс нәтижесі «Ақшаны есепке алу акті» (ф.№ Инв-15) және «Бағалы заттар мен бланкілерді қатаң түрде есептеп қаттау» (ф.№ Инв-16) құжаттарна сәйкес рәсімдеп, бүкіл комиссия мүшелері, кассир соңына қол қояды. Акт 2 дана, ал егер материалдық жауапкершілігі бар адам өзгерген жағдайда 3 дана етіп жазылады: 1 – дана ұйымның бухгалтериясына, қалғаны материалдық жауапкершілігі бар адамға беріледі.
Акт соңында материалдық жауапкершілігі бар адамда актіде көрстілген барлық ақша оның жауапкершілік сақтауында екенін көрсетіп қолхат келтіріледі.
Егер ақша артық шыққан не жетпеген жағдайда кассирден жазбаша түсінік алынады, онда ол актіде көрсетілген айырмашылықтың себебін түсіндіру керек. Егер айғақтайтын құжаттар болмаса, кассирдің түсінігі есепке алыгбайды. Бұндай жағдайда жетпеген ақша кассирден өндіріледі. Артық шыққан ақша, кассалық ордерлермен кірістелмесе, онда ұйым есебіне пайда ретінде кірістеледі.
Ақша жетпеген жағдайда, сауда ұйымдарының басшыларының шешімімен, акт қаралмастан бұрын, бухгалтерлік есеп шотына төмендегідей жазба жүргізіледі:
Дебет 2140 «Басқа да дебиторлық қарыздар», субшот «Қаралмаған акт бойынша
бағалы заттардың жоғалуы және жетіспеушілігі»
Сәйкес шоттардың кредиті:
1011 «Ұлттық валютадағы ақша-қаражаттар»,
1021 «Шетел валютасындағы ақша-қаражаттар»
Ұйым басшысы кассирден кассадағы жетіспеушілікті қайтару жөнінде шешім қабылдаса келесі бухгалтерлік жазба көрсетіледі:
Дебет 1250 «Қызметкерлер және т.б тұлғалардың қарызы», субшот «Матреиалдық зиянды қайтару жөніндегі есеп айырысу»
Кредит 2140 «Басқа да дебиторлық қарыздар», субшот «Қарастырылмаған акт бойынша құндылықтардың бұзылуы мен жоғалуы»
Жасалған кассалық ордерге сәйкес жетіспеушілікті жабу мақсатында кассаға қаражат енгізудегі бухгалтерлік есеп
Дебет 1011 «Ұлттық валютадағы ақша-қаражаттар»,
1021 «Шетел валютасындағы ақша-қаражаттар»
Кредит 1250 «Қызметкерлер және т.б тұлғалардың қарызы», субшот «Материалдық жетіспеушілікті қайтару жөніндегі есеп айырысу»
Жасалған кіріс кассалық ордерге сәйкес инвентаризация қорытындысы бойынша кассадағы артықшылық болу кезінде келесі бухгалтерлік жазу көрсетіледі:
Дебет 1011 «Ұлттық валютадағы ақша-қаражаттар»,
1021 «Шетел валютасындағы ақша-қаражаттар»
Кредит 6260 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар»
Ақша-қаражаттарының инвентаризация актісі негізінде кассаның инвентаризация нәтижелері №1 журнал ордеріне немесе оған қосымша берілген ведомстта немесе кассирдің мәліметтерінің аналитикалық шот бойынша жеке жолда көрсетіледі. Бұл жазбадан кейін көрсетілген есеп регистрі бойынша берілген қалдық кассадағы нақты қалдыққа сай келеді.
