Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция по фин.учету 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

5 Тақырып Материалды емес активтер есебі

Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттар мен бухгалтерлік есептің Бас шоттар жоспарын жасау және ендіру жолымен қайта құруы, алғашқы рет отандық бухгалтерияның тарихында материалды-заттық мазмұны жоқ объектілерді белгілеу үшін, «материалды емес активтер» түсінігі қалыптасты. «Материалды емес активтер есебі» 28 стандартына сәйкес материалды емес активтер – бұл физикалық мәні жоқ, өндірісте немесе дайын өнімді сатуда, әкімшілік мақсатта және басқа ұйымға жалға беруге ұзақ уақыт пайдалануына арналған ақшалай емес активтер. Оларды:

  1. анықтауға болады;

  2. ұйыммен бақылауға болады;

  3. пайдаланудан ұйым болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

Бухгалтерлік есеп мақсаты үшін материалды емес активтердің құрамына тек Стандартта ғана аталған шарттардың барлығы орындалған кезіндегі обектілер жатқызылады, соның ішінде физикалық (материалды-заттық) мәннің жоқтығы, объектіні бір жылдан аса пайдалану мүмкіндігі және экономикалық пайданы табу қабілеттігін бөлуге болады.

Келтірілген шарттарға сәйкес материалды емес активтерге интеллектуалды меншік объектісіне, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, тауар белгісі және қызмет белгісі, тауардың атауы мен орналасу жері, тауарлық марка, лицензия, патенттер, ЭЕМ бағдарламасы және т.б. жатқызылады. Қаржылық-шаруашылық қызметінде, орындалған бағыты мен қызметіне байланысты материалды емес атктивтер халықаралық тәжірибеде 5 негізгі топқа бөлінеді:

  1. Өндірістік меншік объектілер құқығы. Олар жаңалық патенттерінен, селекциондық жетістіктен, пайдалы модельдің куәлігінен, тауарлық белгі мен қызмет ету белгісінен немесе лицензиялық келісімнен, оларды пайдалану келісімшарттынан туындайды;

  2. Авторлық және басқа да келісімнен туындайтын интеллектуалдық меншік құқығы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 961 бабына сәйкес интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне келесілер жатады:

  • Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесі: ғылым, әдібиет және өнер шығармашылығы; жаңалықтар, пайдалы модельдер, өндірістік үлгілер; селекциондық жетістік; микросхемалардың интегралды топологиялары; ашылмаған ақпарат, соның ішінде өндірістік құпиялар (ноу-хау); Азаматтық Кодекс немесе басқа да заңды актілерімен қарастырылған басқа да интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері..

  • Азаматтық айналым, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер қатысушыларының жеке құралдары: фирмалық атауы; тауарлық белгілер (қызмет ету белгілері) тауарлардың орналасқан орынның атауы; Азаматтық Кодекс немесе басқа да заңды актілерімен қарастырылған басқа да азаматтық айналым, тауарлар мен қызметтер қатысушыларының жеке құралдары.

  • «ноу-хау» құқығы және т.б.

  • мүлік құқығы. Мүлік құқығына келесілер жатады: жерді, су ресурстарды, жер қойнауын, мүлікті, пәтерді, лицензияны және т.б. пайдалану құқығы;