Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

15.Экологиялық апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Экологиялық апаттабиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялықапатқаұшырағанаумақтардағытабиғатөзгерістерінбастапқықалпынакелтірумүмкінболмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсеретіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемді кмұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартауатқылау, құйындыборандар, сутасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсеретуі де себепші болуда. Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты.ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.

48.Қазақстанда қанша ядролық реактор бар және олар қай жерде орналасқан

Арнайы деректерге сүйенсек, әлемде 2044 ядролық сынақ өткізіліпті, оның 513-і атмосферада. Соның 52,7 про­центі АҚШ-та, 35 проценті бұрынғы КСРО-да, 8,8 проценті Францияда, 2 проценті ¥лыбританияда және 1,6 процеші Қытайдың Қазақстанмен шектес Лоб-Hop полигонында сынақтан өтіпті. Кеңес Одағындағы ең күппі, ең жойқын сынактар Қазақстан жерінде өткізілген. Қазір жалпы жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым, 16 миллионан астам тұрғын халқы бар Қазақстан радиоэкологкялық жағынан алғанда әлемдегі ең экологиясы лас елдердің біріне саналады. Қазақстан жерінде 19 полигон бар. Соның ішіндегі Семей полигоны ең ірісі, әржойқыны 1949 жылы 29 тамызда бірінші плутоний бомбасы 1951 жылы 18 желтоқсанда бірінші ураннан дайындалған атом бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда бірінші сутегі бомбасы Семей өніріндегі өуеде жарылған. Бұл полигонда 473 ядролық жарылыс жасалған. Оның 90-ны ашық аспанда, 26-сы жер үстінде, қалған 354-і жер астында. Ашық аспан мен жер үстінде сынақ 14 жыл бойына жүргізіді. Бұл жарылыстардан радиоактивті 55 бұлт пайда болып, ол полигоннан тыс аймаққа жел арқылы тараған. Ал жер асты жарылысынан 69 рет аса қауіпті улы газ бөлініп шығып ауаға жайылған. 50 жыл бойы әлемдегі орын алған сынактардьщ 1/4-не жуығы қазақ даласында откізілген. Ал Қазақстандағы әскери поли­гон республикадағы 20 млн. гектар егістік жермен тең аймақты алып жатты. Тек бір ғана Семей полигоны 18 мың шаршы шақырымды алып жатты.

Қалған полигондар орналасқан жерлерді атар болсақ олар мыналар: Тайсойған, Азғыр, Капустин Яр, Индер, Ембі-5, Арал-5, Приозерск, Сарыөзек, Шалқар. Семей облысыныц Абралы, Абай, Жаңа Семей аудандарының жері полигонға айналдырылып, мүнда жер үстінде 160 рет сынақ өткізілген. Ал, Қызылорда облысында "Арал-5" ракеталык, полигоны орналасқан. Осында "Возрождения" аралында химиялық және бактерологиялық қаруларды сынақтан өткізетін лаборатория болған. Бұл атом полигонында жылына 100 сынақтан өткізілген. Сондай-ақ бұл облыс жерінде ракеталык-космостык "Байқоңыр" полигоны тағы бар.

Жезқазган облысының Арал теңізінен Балқаш көліне дейінгі бүкіл оңтүстік бөлігі "Приозерск" сынақ полигоны еншісінде болған. Қырғи қабақ соғыс пен КСРО жанталаса қаруланған кезенде "Азғыр" атом ('Талит"), 929 мемлекеттік ұшыру-сынау және мемлекетгік орталық полигондары құрылды. Соңғы екеуі "Капустин Яр" деген жалпы атаумен мәлім. Республиканың Атырау, Ақтөбе, Жезқазған жөне баска облыстарындағы бірқатар полигондар да осы жүйеге кіреді. Олардың орталығы-Ресей Федерациясыңда-Ахтубинск және Капустин Яр қалаларында, ал қару-жарақты, әскери техниканы сынау түтелдей Қазақстан аумағында жүзеге асырыльш отырылды. Нарын аймағында 28 ядролық жарылыс жасалынды. Атырау обысынын Қүрманғазы ауданындағы қазіргі "Балкұдық" АҚ-ның аумағында орналасқан "Азғыр" поли­гоны атомды жер астында сынаудың орталығы болды. "Ка­пустин Яр" полигонында атмосферада 11 ядролық жарылыс жасалынды. Қуаты 10 килотонн алғашқы ядролық заряд 10,4 км биіктіктегі атмосферада алғаш per 1957 жылығы 19 қаңтарда жарылды. Полигонда қару-жарақ пен әскери техника-ның 177 түрі сыналған. Радиациядан зардап шеккендер республикада 1,5 миллионға жеткен. 30 жыл өткен соң зерттелген Хиросима топырағының әр килограмьшда кобальт - 60 олшемі 4 беккерел болса, Семей полигонында ол 72500-ге барган. Аталған уландыратын заттьщ концентрациясы 13 мың есе артық болып шыккан. Халықтың гені бұзыла бастады. Ғалымдар 90-шы жылдары атом бомбаларыньщ әсерлеріне тап болғандардың дүниеге келе бастағанын, үшінші үрпақтар арасьшда 72 проценті орталық нерв жүйесі зақымдалғанын, ал 28 процент сәбилердің сары аурудың өте асқынған түрімен көріп болғанын айтады. Қазактар ішінен өзін өлтіру, мүгедек сәбилер, бейнесі өзгерген бұрьш кездеспеген қол-аяғы жоқ пішіні адамға да хайуанға да ұқсамайтьш кемтарлар туыла бастады.

Арал теңізінің ортасында Жаңару (Возрождение) аралын­да өте құпия бактериологаялық полигон орналасқан, онда бактериологиялық қаруды сынақтан өткізіп тұрған. КСРО 1975 жылы бактериологияльщ қаруға тиым салу жөніндегі халықаралық шартқа - Конвенцияға қол қоя отырьш, 1992 жылға дейін сынақты жасырын жүргізіп келген. Мұның қауіптілігі сонша, екі-ак стақан бактерия өзінің өлтіру күші бойынша 5 тонна жүйені құртатын газбен немесе 100 тонна цианистый калиймен барабар екен. Осындай сынактар казактар тұратын аймаққа орны толмас қасірет әкелді.

Семей полигонында сынақ жасалған жылдары сол өңір-дің кемінде 500 мың тұрғындары ионды радиацияның тұрақты сөулесіне үшыраған. 1949—1963-жылдары сынақ әуелде жүргізілген кезде полигонға жақын түрған жергілікті адамдардың арасьшда әp түрлі аурулар, әсіресе онкологиялық аурулар көп тарады. 1975—1985-жылдары бұл аурулардан олгендер тек Семей облысынын озінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайды, жынданып ауыру және өзін-озі өлті-ру көбейгені байқалды.

Жарылыстың радиациялық әсері жергілікгі халыққа Хи­росима мен Нагасакидегі радиацияньщ салдарьщан бір де бір кем болған жоқ. Бұл өңірде Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе қуатгы бомба жарылған. 1951-1963 жж жарылыстары, Семей облысьшың территориясын жыл сайын ондаған рет дүркін-дүркін радиоактивті қоқыммен былгап, халқын иондық радианияньщ сәулесімен әр диапазоңцағы молшерде улап, жарақаттап жатты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]