
- •1.Рихтер шкаласынсипаттаңыз. Магнитуда дегеніміз не?
- •3.Жер сілкінісі дегенміз не? Жер асты дүмпулерінің сипаттамасы.
- •4.Жер сілкінісі күшінің шкалалық сипаттамасы.
- •5.Жер сілкіну магнитудасы мен оның қарқындылығ на салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.
- •6.Үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне беріктіктиптеріне қарай сипаттама беріңіз.
- •7.Қазақстан территориясында болған күшті жер сілкіністеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Қазақстан территориясында болуы ықтимал табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атаңыз және сипаттаңыз.
- •9.Төтенше жағдайлардың жіктелу ерекшеліктері.
- •11.Төтенше жағдайлардың даму сатыларын (фазаларын) атаңыз?
- •12.Төтенше жағдайладың пайда болу себептерін сипаттаңыз.
- •13.Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •14.Техногендік сипаттағы апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •15.Экологиялық апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •48.Қазақстанда қанша ядролық реактор бар және олар қай жерде орналасқан
- •49.Иондағыш сәулелердің түрлері және олардың сипаттамасы.
- •50.Сәулелену дозаларының түрлері және олардың сипаттамасы.
- •51.Сәуле ауруы дегеніміз не? Оның ауыртпалық дәрежесіне қарай жіктелу сипаты.
- •52.Адам ағзасының сәулеге шалдығуы бойынша қабылданған радиациялық нормалық мөлшерін көрсетіңіз.
- •53.Уландырғыш заттектердің сипаттамасы және жіктелуі.
- •55.Қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі қауіптілік шаралары
- •56.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің адам ағзасына әсері
- •57.Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлар
- •58.Радиациялық және химиялық барлау құралдары
- •59.Аймақ хим-қ заттарда залалданған кездегі құтқару ж/е шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ж/е жүргізу
- •60.Адам ағзасына радиацияның әсері
- •61.Халықты ұжымдық қорғану құралдары
- •62.Панахананы және радиациядан қорғау орындарын пайдалану және оған келіп-кету тәртібі
- •63.Масштабы және таралу жылдамдығы бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
- •64.Қр территориясындағы өндірістік аппаттар және катастрофалардың болуы, және олардың қысқаша сипаты.
- •66.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің айрмашылығы және ұқсастығы
- •67.Хлордың, аммиактың және басқа да кәуз-дің сипаттамасы.
- •69.Радиациялық жағдайдыанықтау және бағалауәдістерінің түсініктемесі
- •70.Атом электростанциясындағыапаттардың себебі және әсер етуі
- •71.Сәулелену дозасының си жүиесіндегі және жүйеден тыс өлшем бірліктері
- •74.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- •75.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар үшін жұмылдыратын күштер және құралдар
- •77.Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау
- •78.Әртүрлі тж кезінде адамдардың өзін – өзі ұстау ережелері
- •81.Жарақаттану барысындағы қан кетуді тоқтату әдістері.
- •82.Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.
- •83.Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету ережелері.
- •86.Күйік түрлері, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету әдістері.
- •87.Үсік шалу және алғашқы көмек көрсету.
- •88.Зардап шегушіге жасанды дем салу арқылы көмек көрсету ережелері.
- •89.Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
- •90.Микробтық бактериялар, вирустар жіне олардың жіктелуі.
- •91.Жұқпалы аурулардан сақтану ережелері.
- •94.Кене энцефалиті, қорғану жолдары, алғашқы көмек көрсету.
8.Қазақстан территориясында болуы ықтимал табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атаңыз және сипаттаңыз.
Қазақстанда жерсілкінуден қорғанудың негізгі шараларының бірі сейсмикалық аудандау мен жерсілкінуіне төзімді құрылыстар салу болып табылады. Сейсмикалық аудандарды белгілеу сейсмология ғылымының халық шаруашылығының қажеттеріне бағытталған аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның мақсаты жерсілкінуіне ұшырайтын аймақтарды сейсмикалық қауіптілігі жағынан әртүрлі аудандарға бөлу болып табылады. Сейсмикалық қауіп туралы қажетті деректер алғаннан кейін ғана жерсілкінуінен сақтану үшін мейлінше аз шығын жұмсай отырып, ықтимал жерсілкінуінен болатын зиянды азайту шараларын қолдануға болады. Қазақстанның ресми орындарда 2003 жылы бекітілген сейсмикалық аудандау картасының соңғы түрін сейсмология институтының мамандары жасаған. Карта қазақстандық жобалаушылар мен құрылысшылардың күнделікті жұмысында ісбасшы құралға айналды. Ол күші 6 баллдан 9 баллға дейінгі (12 баллдық бағана бойынша) жерсілкіну ықтимал аудандарды көрсетеді, яғни бұл карта қандай да болсын учаскенің сейсмикалық қауіптілігін балл есебімен бағалауға мүмкіндік береді, ал елді мекен үшін орын таңдағанда, жекелеген ірі құрылыстар салғанда, мұны білудің маңызы өте зор. Баллды ескермеудің ауыр салдары күшті жерсілкінуі кезінде үйлер мен құрылыстардың қирауына әкеліп соғуы мүмкін. Екіншіден, ең күшті жер сілкінісі болады деген аймақта зақымданбайтын берік үй салынса, ол барлық әлсіз зілзалаға қирамай, төтеп береді.
9.Төтенше жағдайлардың жіктелу ерекшеліктері.
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи: 1.Метеорологиялық (боран,дауыл, циклон, қарақүйын, қатты ыстық,қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт). 2.Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу). 4.Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс). Жасанды: 1.Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен, темір жол). 2.Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық). 3Спецификалық(бактериологиялық,эпидемиялық). 4.Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания). Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтеншежағдай. Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары: ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау; ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
10.ҚР ТЖ - лар қандай заңмен реттеледі және жіктеледі?
ҚР ТЖ министрі Министрліктің 2010 жылы оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берген еліміздің халқын, аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері ықпалынан тиімді қорғауға және алдын алуға бағытталған. Сонымен, 2010 жылдың басынан бастап ҚР ТЖМ жедел қызметтері 7954 адамды құтқарып, 59705 авариялық-құтқару жұмыстарына шығулар жасады, 10173 адамды эвакуациялады. Әсіресе осы жылы ең қиыны қысқы - көктемгі кезеңдегі ауа-райының ауытқулары мен өте төмен температурадағы қатал қыстың, жауын-шашынның шамадан тыс түсуі болды. Шығыс Қазақстан облысындағы автожолдардағы қарлы борандардан - 538 адам құтқарылып, 1120 адамдар эвакуацияланды. Көктемгі су тасқынының жайылуынан бұндай табиғи апаттармен қақтығыспаған ауылды жерлер де су астында қалды. Су тасқыны кезеңінде Қызылағаш, Ақтоған, Егінсу және Алматы облысы Ақсу ауданы Алажиде станциясында 385 адам құтқарылып, 1500 астам адам көшірілді. Шығыс Қазақстан облысында 689 адам құтқарылды, 7406 адам эвакуацияланды, 1192 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.