
- •1.Рихтер шкаласынсипаттаңыз. Магнитуда дегеніміз не?
- •3.Жер сілкінісі дегенміз не? Жер асты дүмпулерінің сипаттамасы.
- •4.Жер сілкінісі күшінің шкалалық сипаттамасы.
- •5.Жер сілкіну магнитудасы мен оның қарқындылығ на салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.
- •6.Үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне беріктіктиптеріне қарай сипаттама беріңіз.
- •7.Қазақстан территориясында болған күшті жер сілкіністеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Қазақстан территориясында болуы ықтимал табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атаңыз және сипаттаңыз.
- •9.Төтенше жағдайлардың жіктелу ерекшеліктері.
- •11.Төтенше жағдайлардың даму сатыларын (фазаларын) атаңыз?
- •12.Төтенше жағдайладың пайда болу себептерін сипаттаңыз.
- •13.Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •14.Техногендік сипаттағы апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •15.Экологиялық апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •48.Қазақстанда қанша ядролық реактор бар және олар қай жерде орналасқан
- •49.Иондағыш сәулелердің түрлері және олардың сипаттамасы.
- •50.Сәулелену дозаларының түрлері және олардың сипаттамасы.
- •51.Сәуле ауруы дегеніміз не? Оның ауыртпалық дәрежесіне қарай жіктелу сипаты.
- •52.Адам ағзасының сәулеге шалдығуы бойынша қабылданған радиациялық нормалық мөлшерін көрсетіңіз.
- •53.Уландырғыш заттектердің сипаттамасы және жіктелуі.
- •55.Қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі қауіптілік шаралары
- •56.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің адам ағзасына әсері
- •57.Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлар
- •58.Радиациялық және химиялық барлау құралдары
- •59.Аймақ хим-қ заттарда залалданған кездегі құтқару ж/е шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ж/е жүргізу
- •60.Адам ағзасына радиацияның әсері
- •61.Халықты ұжымдық қорғану құралдары
- •62.Панахананы және радиациядан қорғау орындарын пайдалану және оған келіп-кету тәртібі
- •63.Масштабы және таралу жылдамдығы бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
- •64.Қр территориясындағы өндірістік аппаттар және катастрофалардың болуы, және олардың қысқаша сипаты.
- •66.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің айрмашылығы және ұқсастығы
- •67.Хлордың, аммиактың және басқа да кәуз-дің сипаттамасы.
- •69.Радиациялық жағдайдыанықтау және бағалауәдістерінің түсініктемесі
- •70.Атом электростанциясындағыапаттардың себебі және әсер етуі
- •71.Сәулелену дозасының си жүиесіндегі және жүйеден тыс өлшем бірліктері
- •74.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- •75.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар үшін жұмылдыратын күштер және құралдар
- •77.Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау
- •78.Әртүрлі тж кезінде адамдардың өзін – өзі ұстау ережелері
- •81.Жарақаттану барысындағы қан кетуді тоқтату әдістері.
- •82.Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.
- •83.Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету ережелері.
- •86.Күйік түрлері, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету әдістері.
- •87.Үсік шалу және алғашқы көмек көрсету.
- •88.Зардап шегушіге жасанды дем салу арқылы көмек көрсету ережелері.
- •89.Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
- •90.Микробтық бактериялар, вирустар жіне олардың жіктелуі.
- •91.Жұқпалы аурулардан сақтану ережелері.
- •94.Кене энцефалиті, қорғану жолдары, алғашқы көмек көрсету.
6.Үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне беріктіктиптеріне қарай сипаттама беріңіз.
Зілзала тұрақтылығы жағынан межелі даңгейдегі үш түрлі ғимараттар мен құрылыстар болады: А, Б, В. А түріне – шағылған тастан, қолдан сазбалшықтан құйылған кірпіштен, сазбалшықтан соғылған, ауылдық құрылыс орындары жатады; Б түріне –жәй кірпіштен салынған үйлер, ірі блоктардан және панельдер түрінен құрастырылған ғимараттар, табиғи тастан қаланған құрылымдар жатады. В түріне – темір бетонды тіректен орнатылған ғимараттар, ыждағаттылықпен ағаштан құрастырылған үйлер жатады. /Ғимараттар мен құрылымдардың зақымдану ретін бес дәрежелі түрге бөледі: 1.Женіл зақымдану – жұқа жарқышақтардың пайда болуы, сылақтың ұсақ бөлшектерінің түсуі тек жеңір жөндеуді қажет етеді. 2.Орташа зақымдану –қабырғалардағы кішігірім жарқышақтардың орын алуы, көлемді сылақ қабаттарының түсіп , үй шатырының жабқыштарының қирауы, түтін мұржаларында жәркішектің пайда болуы және жартылай құлауы орташа жөндеуді қажет етеді.3.Ауыр зақымдану – қабырғалардағы аумақты және терең жәркішектердің пайда болуы, түтін мұржаларының бұзылуы күрделі жөндеуді қажет етеді. 4.Қирау (бүліну)– ғимарат қабырғасының мүлде жарқышақтанып жарылып барып құлауы, үйдің шатырының толық қирап опырылып барып ортаға түсуі.Мұндай жағдайда ғимарат жөндеуге келмейді. 5.Опырылып құлау – ғимараттың толық қирағаны, жөндеуге келмейді. Зілзала кезіндегі пайда болатын құбылыстарды болжауға мыналар жатады:
7.Қазақстан территориясында болған күшті жер сілкіністеріне сипаттама беріңіз.
Қазақстан жерінде болған жерсілкіністері туралы алғашқы деректер өте ерте кезден басталады. Алайда ғылыми тұрғыда жерсілкінуін зерттеу (тек қана Қазақстанда емес, бүкіл Орта Азия бойынша) ХІХ ғасырдың соңғы жылдары мен ХХ ғасырдың бастапқы жылдары арасында ғана басталды. Бұл деректер сол кездегі ірі қалалар мен елді мекендерде болған күшті сілкіністердің жер бетіндегі әсері туралы мәліметтерден тұратын еді (мәселен, Верный, Жаркент, Лепсі және т.б. қалалар). Мұндай деректер мен тарихи мәліметтер орыстың белгілі ғалым-геологы және саяхатшысы И.В. Мушкетовтың атымен тығыз байланысты. Оның 1887 жылы 9 маусымда Верный қаласы маңында болған 9-10 баллдық жерсілкінісі туралы жинаған және сол кездері басып шығарған еңбектері тек қана Орта Азия емес, бүкіл Ресей жерінде сейсмология ғылымының дамуына көрнекті үлес қосып, осы уақытқа дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Қазақстан жерінде ең бірінші жерсілкінісін тіркейтін сейсмикалық қондырғы Верный қаласында 1905 жылы орнатылса, 1914 жылы арнайы сейсмикалық станция ашылған. Дегенмен бұл аталған қондырғылардың жұмысынан үзілісі көп болып, онан алынған мағлұматтардың сапасы нашар болды (олардан алынған деректер бүгінде сақталмаған). Тек қана 1927 жылдан бастап Түрксибстрой басқармасының қолдауымен Алматы қаласында сейсмикалық станцияның жұмысы жандандырылып, бақылау жұмыстары жүргізіле бастады. Сонымен, сейсмология саласындағы арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстанда 1927 жылы Алматы қаласындағы сейсмикалық станцияның жаңадан жұмыс істеуінен басталды деп айтуға болады. 1951-1961 жылдар аралығында жерсілкіну құпиясын толық зертеу саласында Солтүстік Тянь-Шань мен Жонғар таулы аймақтарында сейсмикалық байқау жүйесін жетілдіру үшін жаңадан Іле (1951ж.), Күрметті (1951ж.), Шелек (1951ж.), Фабричная (1953ж.), Талғар (1960ж.), Қызылағаш (1961ж.) сейсмикалық станциялары ашылды. 1969 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанынан Сейсмология бөлімі ал, 1976 жылдан бастап Сейсмология институты ашылып көптеген жаңа сейсмикалық станциялар іске қосылды. Осы кезден бастап Қазақстанның оңтүстік бөлігі түгел бақылауға алынды. Дегенмен, әлі де болса республикамыздың бірқатар сейсмикалық аймақтары, атап айтқанда, Қазақстанның батыс, орталық, солтүстік және шығыс аймақтары сейсмикалық бақылаудан тыс қалып отыр. Әсіресе кейінгі жылдары елімізде орын алып отырған экономикалық дағдарыс сейсмология саласына да өз зиянын тигізіп отыр. Мысалы, кезінде іргелі ғылымды зертеуге арналып ашылған Сейсмология институты қазір ЖШС деңгейінде қалып отыр.