- •1.Рихтер шкаласынсипаттаңыз. Магнитуда дегеніміз не?
- •3.Жер сілкінісі дегенміз не? Жер асты дүмпулерінің сипаттамасы.
- •4.Жер сілкінісі күшінің шкалалық сипаттамасы.
- •5.Жер сілкіну магнитудасы мен оның қарқындылығ на салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.
- •6.Үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне беріктіктиптеріне қарай сипаттама беріңіз.
- •7.Қазақстан территориясында болған күшті жер сілкіністеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Қазақстан территориясында болуы ықтимал табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атаңыз және сипаттаңыз.
- •9.Төтенше жағдайлардың жіктелу ерекшеліктері.
- •11.Төтенше жағдайлардың даму сатыларын (фазаларын) атаңыз?
- •12.Төтенше жағдайладың пайда болу себептерін сипаттаңыз.
- •13.Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •14.Техногендік сипаттағы апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •15.Экологиялық апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •48.Қазақстанда қанша ядролық реактор бар және олар қай жерде орналасқан
- •49.Иондағыш сәулелердің түрлері және олардың сипаттамасы.
- •50.Сәулелену дозаларының түрлері және олардың сипаттамасы.
- •51.Сәуле ауруы дегеніміз не? Оның ауыртпалық дәрежесіне қарай жіктелу сипаты.
- •52.Адам ағзасының сәулеге шалдығуы бойынша қабылданған радиациялық нормалық мөлшерін көрсетіңіз.
- •53.Уландырғыш заттектердің сипаттамасы және жіктелуі.
- •55.Қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі қауіптілік шаралары
- •56.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің адам ағзасына әсері
- •57.Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлар
- •58.Радиациялық және химиялық барлау құралдары
- •59.Аймақ хим-қ заттарда залалданған кездегі құтқару ж/е шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ж/е жүргізу
- •60.Адам ағзасына радиацияның әсері
- •61.Халықты ұжымдық қорғану құралдары
- •62.Панахананы және радиациядан қорғау орындарын пайдалану және оған келіп-кету тәртібі
- •63.Масштабы және таралу жылдамдығы бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
- •64.Қр территориясындағы өндірістік аппаттар және катастрофалардың болуы, және олардың қысқаша сипаты.
- •66.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің айрмашылығы және ұқсастығы
- •67.Хлордың, аммиактың және басқа да кәуз-дің сипаттамасы.
- •69.Радиациялық жағдайдыанықтау және бағалауәдістерінің түсініктемесі
- •70.Атом электростанциясындағыапаттардың себебі және әсер етуі
- •71.Сәулелену дозасының си жүиесіндегі және жүйеден тыс өлшем бірліктері
- •74.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- •75.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар үшін жұмылдыратын күштер және құралдар
- •77.Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау
- •78.Әртүрлі тж кезінде адамдардың өзін – өзі ұстау ережелері
- •81.Жарақаттану барысындағы қан кетуді тоқтату әдістері.
- •82.Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.
- •83.Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету ережелері.
- •86.Күйік түрлері, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету әдістері.
- •87.Үсік шалу және алғашқы көмек көрсету.
- •88.Зардап шегушіге жасанды дем салу арқылы көмек көрсету ережелері.
- •89.Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
- •90.Микробтық бактериялар, вирустар жіне олардың жіктелуі.
- •91.Жұқпалы аурулардан сақтану ережелері.
- •94.Кене энцефалиті, қорғану жолдары, алғашқы көмек көрсету.
94.Кене энцефалиті, қорғану жолдары, алғашқы көмек көрсету.
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі. Жұғу салдары.Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Вирус кененің денесіне жайылып ұзақ сақталады, тіпті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан осындай кенелер жайлайтын жерде Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда, жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыр – шілде), кей жерлерде тамыз – қыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауыр мен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды. Кене энцефалитінен алдын ала сақтану жолдары
кенені, масаны және түрлі кемірушілерді жою; бұл үшін олардың мекенін ДДТ және гексахлоран препараттарымен улау қажет; орманда жұмыс істеген кезде адам жиі-жиі киімін, денесін тексеріп отыру керек; егер денеге жабысқан кене табылса, оны бірден жұлып тастамай, өсімдік майын тамызып түсіреді. Кенені жабық ыдысқа салып, тексеру үшін вирусологиялық лабораторияға тапсыру қажет. Кене шақты деп күмәнданған жағдайда тез дәрігерге қаралып, арнайы қан сарысуын (сыворотка) немесе гамма-глобулин еккізу керек. Кене энцефалитімен ауырған науқасты емдеу үшін, қанына уротропинді глюкоза жіберіледі, пирамидон, түрлі антибиотиктер, ауру өрши түссе, глюкокортикоидты гормондар беріледі.
Кене энцефалиті ауруының алдын - алу шаралары . Кене энцефалиті- табиғи ошақтық, вирустiк жұқпалы ауру. Кене энцефалитiнiң вирусы адамның орталық жүйке жүйесiн, миы мен жұлынын зақымдайтын сал, яғни параличке шалдықтыратын қауiптi ауру. Қазақстан Республикасында кене энцефалитiнiң табиғи ошақтары- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары. Шығыс Қазақстан облысының Зырян, Катонқарағай, Ұлан, Глубокое, Шемонаиха, аудандары мен Риддер, Өскемен қалалары кене энцефалиті аурушаңдығы бойынша эндемиялық, яғни қолайсыз аймақтар болып табылады. Кене энцефалитi вирусын иксодес кенелерi жұқтырады. Вирус қан арқылы адамның орталық нерв жүйесi: ми мен жұлынға таралады Алматы қаласы, Алматы облысының таулы аймағы мен оның маңы кене энцефалиті ауруының табиғи ошағы болып табылады. Кене энцефалиті көктемгі-жазғы кезеңде пайда болып, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және зақымдалған кенелер шаққаннан кейін немесе аурумен зақымдалуға бейім ешкі мен қойдың шикі сүтін ішкеннен соң дамиды. Зақымдалу кезімен аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы 3 күннен 15 күнге созылады. Аурудың белгілері: температура жоғарылайды,бұлшық еттер ауырады,жүрек айниды,ауру адам құса бастайды. Ауыр жағдайларда дененің жоғары бөліктері,йық пен мойынның салдануы мүмкін,бұл өз кезегінде мүгедектікке әкеліп соғады. Кенелердің белсенді түрде шыға бастау мен шағуы ерте көктемнен басталып күздің соңына дейін жалғасады. Алайда олардың көбеюі сәуір- маусым айларында байқалады және ауа райына байланысты болып келеді. Шағатын және қан соратындар ұрғашы кенелер және олар вирусты өз ұрпақтарына қалдырушылар. Кенелер бастың шаш бөлігін, мойын,қолтықтың астын, шаптарын дененің кез-келген бөлігін ауыртпай шағады.Табиғатта кенелердің 8% кене энцефалиті вирусымен зақымдалған, алайда сыртқы түрі арқылы оларды ажырату мүмкін емес, ауруды алдын алудағы ең бастысы олардың шағуына жол бермеу. Бұл үшін келесі сақтандыру шараларын білу маңызды: спорт, жұмыс киіміңізді мұқият тексеріңіз, бастың шаш бөлігін жабыңыз, жұмыс киіміңіз бен денеңіздің ашық бөліктерін кезең бойынша қарап шығыңыз, денеңізде өрмелеп бара жатқан кенелерді алып тастаңыз ( алайда оларды сығып өлтірмеңіз ).Жұмыс аяқталған соң немесе үйге келгенде денеңізді мұқият тексеріңіз. Денеге жабысып қалған кенені майлы затпен жағып оны іскек (пинцет) немесе мықты жіппен кене денесі мен адам денесі арасында ілгек қойып, жіптің соңын қайырып бір уақытта оны алып тастаңыз. Тістеген жерді кез-келген зарарсыздандырғыш затпен тазалаңыз.Егер кенені өз күшіңізбен ала алмасаңыз, онда тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша травпунктіге қаралыңыз. Сол жерде алдын алу мақсатында кенеге қарсы иммуноглобулин егеді, ошақтарда жұмыс істейтін адамдар алдын ала арнайы екпемен егілуі тиіс.
