
- •1.Рихтер шкаласынсипаттаңыз. Магнитуда дегеніміз не?
- •3.Жер сілкінісі дегенміз не? Жер асты дүмпулерінің сипаттамасы.
- •4.Жер сілкінісі күшінің шкалалық сипаттамасы.
- •5.Жер сілкіну магнитудасы мен оның қарқындылығ на салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.
- •6.Үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне беріктіктиптеріне қарай сипаттама беріңіз.
- •7.Қазақстан территориясында болған күшті жер сілкіністеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Қазақстан территориясында болуы ықтимал табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атаңыз және сипаттаңыз.
- •9.Төтенше жағдайлардың жіктелу ерекшеліктері.
- •11.Төтенше жағдайлардың даму сатыларын (фазаларын) атаңыз?
- •12.Төтенше жағдайладың пайда болу себептерін сипаттаңыз.
- •13.Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •14.Техногендік сипаттағы апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •15.Экологиялық апаттар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •48.Қазақстанда қанша ядролық реактор бар және олар қай жерде орналасқан
- •49.Иондағыш сәулелердің түрлері және олардың сипаттамасы.
- •50.Сәулелену дозаларының түрлері және олардың сипаттамасы.
- •51.Сәуле ауруы дегеніміз не? Оның ауыртпалық дәрежесіне қарай жіктелу сипаты.
- •52.Адам ағзасының сәулеге шалдығуы бойынша қабылданған радиациялық нормалық мөлшерін көрсетіңіз.
- •53.Уландырғыш заттектердің сипаттамасы және жіктелуі.
- •55.Қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі қауіптілік шаралары
- •56.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің адам ағзасына әсері
- •57.Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлар
- •58.Радиациялық және химиялық барлау құралдары
- •59.Аймақ хим-қ заттарда залалданған кездегі құтқару ж/е шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ж/е жүргізу
- •60.Адам ағзасына радиацияның әсері
- •61.Халықты ұжымдық қорғану құралдары
- •62.Панахананы және радиациядан қорғау орындарын пайдалану және оған келіп-кету тәртібі
- •63.Масштабы және таралу жылдамдығы бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
- •64.Қр территориясындағы өндірістік аппаттар және катастрофалардың болуы, және олардың қысқаша сипаты.
- •66.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің айрмашылығы және ұқсастығы
- •67.Хлордың, аммиактың және басқа да кәуз-дің сипаттамасы.
- •69.Радиациялық жағдайдыанықтау және бағалауәдістерінің түсініктемесі
- •70.Атом электростанциясындағыапаттардың себебі және әсер етуі
- •71.Сәулелену дозасының си жүиесіндегі және жүйеден тыс өлшем бірліктері
- •74.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- •75.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар үшін жұмылдыратын күштер және құралдар
- •77.Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау
- •78.Әртүрлі тж кезінде адамдардың өзін – өзі ұстау ережелері
- •81.Жарақаттану барысындағы қан кетуді тоқтату әдістері.
- •82.Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.
- •83.Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету ережелері.
- •86.Күйік түрлері, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету әдістері.
- •87.Үсік шалу және алғашқы көмек көрсету.
- •88.Зардап шегушіге жасанды дем салу арқылы көмек көрсету ережелері.
- •89.Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
- •90.Микробтық бактериялар, вирустар жіне олардың жіктелуі.
- •91.Жұқпалы аурулардан сақтану ережелері.
- •94.Кене энцефалиті, қорғану жолдары, алғашқы көмек көрсету.
89.Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
Жарақаттанған адамның жүрегі кенеттен тоқтап қалса, жүрекке жанама массаж жасйды. Ол үшін адамды жауырнына жатқызып, екі қолын бірінің үстіне бірін салып кеуденің төменгі жағынан /бауырды баспайтындай/ бір қалыпты ырғақпен қатты-қатты минутына 50-60 рет басады. әр басқан сайын екінші адам қолын көтеріп өкпесіне ауа баратындай жағдай жасайды. Басу тереңдігі 3-4 см. Төмен басқанда қан жүректен тамырларға барады, қолды тез көтергенде жүрек ұлғайып өзіне қанды қайта тартады. Сөйтіп жүрек жұмыс істеп кетуі мүмкін. Демалыс болмай жүректің тоқтағаны білінсе жанама массажбен бірге жасанды жолмен демалдыруды бір уақытта өткізу керек. Ол үшін 2-3 кісі керек. Мынаны ескерген жөн: кеудені басқан кезде ауызға ауа айдауға болмайды. Осылайша кезекпен бір белгі болғанша жасай береді. Бұл шаралар реанимацияның қарапайым түрлері. Жасы үлкен адамның сүйегі омырылғыш болады, сондықтан кеудені байқап басу керек. Ал балалардың кеудесін саусақпен де басса болады.
90.Микробтық бактериялар, вирустар жіне олардың жіктелуі.
Вирустар–тұқым қуалаушылық қасиеті бар,өзгеруге,көбеюге бейім өте ұсақ,тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы–клеткалық құрылысы болмайды,тек қана бір нуклеин қышқылы–ДНҚ немесе РНҚ болады. Клетка ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирустардың пайда болуы жөніндегі әртүрлі гипотезалардың арасында көп таралған пікір мынау: клеткалық ДНҚ-сынан ДНҚ вирустар, клеткалық РНҚ-дан РНҚ-вирустар пайда болады. Бұл гипотезаның негізгі дәлелі – клеткалық және вирустық нуклеин қышқылдарының ұқсастығы болып табылады. Жіктелуі: Vira дүниесі екі үлкен топқа бөлінеді–ДНҚ және РНҚ–құратын топтар. Топтар тұқымдастықтың тармағынан, туыстардан және түрлерден тұрады.Жіктелу принципі мына белгілерге негізделген: А. Вирустардың қасиеттері – нуклеин қышқылдары,капсид симметриясының типі,суперкапсидтің болуы және болмауы,вирионның бетіндегі рецепторлық құрылыстардың өзгешелігі, вирионның формасы және өлшемі, оның антигендік сипаттамасы: Б. Сезімтал өзгерулердің тобы,әртүрлі органдар мен тіндерде тропизмі болады. В. Инфекцияның әсер ету жолы және географиялық таралуы.Құрылысы. Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, капсид-капсомерлерден құралған, нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид белогының комплексі,вирион – вирустың бүтін бөлшегі. Вирустардың құрамы өте қарапайым. Олар нуклеин қышқылынан және оларды қоршап жататын – капсид және суперкапсид деп аталатын қабаттардан, сондай-ақ вирус қабығының сыртындағы рецепторлардан (синонимі–бекітуші белоктар,тікенектер)құралады. Аздаған ферменттер болады, олардың біреулері вирус нуклеин қышқылдарының репликациясына және вирус белоктарының транскрипциясына қажет, албасқалары – клетканың ішіндегі метоболиттік процесстерді өзгертіп немесе тежей отырып, зат алмасу процесстерінің вирустардың бөлшектерін құрастыру үшін жұмыс істетеді. Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді: 1.жай, қарапайым құрылысы – нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы) 2.күрделі құрылысты – нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады. Вирустар мөлшеріне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
ұсақ – 50 нм кем (полимиелит вирусы, А және В гепатиттервирустары)
орташа – 150 нм кем (құтыру вирусы, тұмау вирусы)
ірі – 400нм дейін (шешек вирусы)
Вирус бөлшектерінің өлшемін анықтау әдістері:
диаметрі белгілі микропорлары бар мембраналық фильтр арқылы сүзу:
ультрацентрифгалау кезінде вирус бөлшектерінің тұнбаға түсу жылдамдығымен;
электрондық микроскоп көмегімен;
вирус бөлшектері суспензиясынан өткен иондаушы радиация ағынын өлшеу арқылы анықталады.